C-X17 Concept — Jaguar көліктерінің тартымды дизайны мен озық сипаттарын сенімді жүргізудің артықшылықтарымен және SUV әмбебаптығының жоғары деңгейімен үйлестіретін Jaguar компаниясының алғашқы концептуалды спорттық SUV көлігі. Ол Jaguar көліктерінің ең жаңа жетілдірілген алюминий архитектурасын өмірге әкелгендей. Оның негізінде жасалған автокөліктер кластағы ең жақсы сапасымен, төзімділігімен және сенімділігімен ерекшеленеді.
Алюминийді белсенді пайдаланатын C-X17 Concept жоғары технологиялық модульдік архитектурасы Jaguar көліктеріне танымалдылық беретін бірегей сипатына, дизайнына, динамикасына, өнімділігіне және әсемдігіне нұқсан келтірместен, кең ауқымды модельдер қатарын құруға мүмкіндік беретін икемділікті қамтамасыз етеді.
C-X17 Concept салоны шынайы әсемдік пен талғампаздықты жүзеге асыра отырып, заманауи көзқарасқа ие инновациялық интерактивті технологияларды дәстүрлі жоғары сапалы материалдар мен британдық шеберлікке біріктіреді. Салонның тартымды дизайны мен қолайлығы, сондай-ақ оның әмбебаптығы, соның ішінде кең жүксалғыш жүргізуші үшін ғана емес, отбасы үшін де ыңғайлы екенін білдіреді.
Тартымды C-X17 Concept көлігінің көбірек фотосуретін көру үшін төмендегі галереямен танысыңыз.