Инновацияға ұмтылу — доктор Ральф Шпеттің екінші аты. 2010 жылғы 18 ақпанда Jaguar Land Rover компаниясының бас директоры лауазымын иеленіп, ол бизнес трансформациясының айтарлықтай кезеңінде басшылық етіп, сатылымды арттырды, 8000 жұмыс орнын ашып, нарыққа жаңа XJ сияқты белгілі модельдер мен бренд үшін орны айрықша F-TYPE моделін шығарды.
Автокөліктерді жақсы көретін ол Jaguar XFR жүргізеді және классикалық E-Type моделінің иесі. Көп жағдайда бұл жетістік доктор Шпеттің компания қызметінің әр аспектісінде — тек автокөліктерге қатысты емес, жалпы бизнестің жұмыс істеуі тұрғысынан басты фактор деп дизайнға мән бергенімен түсіндіріледі.
«Біз қалай барлық процестерімізді жасайтынымызды, зерттеулерді жүргізетінімізді, өндірісті ұйымдастыратынымызды, оқыту, жалдау, жеке дағдыларды дамыту жоспарларын қалай әзірлейтінімізді айтамын.
Түптеп келгенде, дилерлермен және клиенттерімізбен қалай қарым-қатынас орнататынымызды айтамын».
Жетістіктің кілті ол алдағы уақыттағы инновацияға салынатын инвестицияларды ақтайтын қажетті экономикалық пайда алу үшін құндылықтар мен инновацияны жасауда деп есептейді. Бұл нағыз ізгі әрекеттер шеңбері.
«Біз интернационалды болып барамыз, көбірек өнім әзірлейміз, әртүрлі салалардағы көптеген әртүрлі технологияларға инвестиция саламыз».
Германиядағы Розенхайм университетінен инженер-экономист мамандығын оқып бітіргеннен кейін ол техникалық ғылымдар докторы дәрежесін алды. Сондай-ақ ол Уорик университетінің өндіріс саласындағы профессоры болып табылады.
Доктор Шпет 1980 жылы BMW компаниясына қосылғанға дейін бірнеше жыл бойы бизнес-кеңесші болып жұмыс істеді. 20 жыл жұмыс істегеннен кейін ол Ford Motor Company компаниясының Premier Automotive Group тобына өтіп, өндіріс, сапа және өнімді жоспарлау жөніндегі директор лауазымын атқарды. BMW-дағы оның соңғы лауазымы — бренд BMW-ға тиесілі болған кезде Land Rover вице-президенті.
Содан соң ол 2000 жылы BMW Ford компаниясына Land Rover-ді сатқан кезде Ford компаниясының Premier Automotive Group (PAG) тобында өндіріс, сапа және жоспарлау жөніндегі директор болды. Land Rover Jaguar-ға өткенге дейін ол өндірістік газдармен және инжинирингпен айналысатын немістің халықаралық Linde Group компаниясында жаһандық операциялар бөлімінің басшысы болды.
«Jaguar Land Rover үшін бұл өзгерістер сәті, — деп санайды ол. — Бұл әлі толыққанды ашылмаған сала, келешектің озық технологиялары — автокөліктерде». 170 адамнан тұратын озық зерттеулер тобын Уорик университетіне ауыстырып, ол кейінгі бірнеше жылдың ішінде бірлескен зерттеулерге салынған 100 млн фунт стерлингтен астам инвестиция жобаларына қолдау көрсетті. Сондай-ақ ол Jaguar Land Rover үшін жасалған технологияларды, атап айтқанда, Jaguar C-X75 үшін Bladon Jets әзірлеген микрогаз турбинасын коммерцияландыру мүмкіндіктерін де назардан тыс қалдырмайды.
Доктор Шпет Германиядағы Рот қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі қызы бар.
«Дизайн, жобалау және технологиялар саласындағы инновациялар біздің бизнесіміздің негізін құрайды».
Д-Р. РАЛЬФ ШПЕТ
Jaguar Land Rover БАС ДИРЕКТОРЫ