INCONTROL ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІ — ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

INCONTROL ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІ — ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

ТҰРАҚҚА ҚОЮ АВТОПИЛОТЫ

Бұл көмекші тұрақ орнына қауіпсіз кіруге және одан шығуға қажетті кейбір маневрлердің орындалуын автоматтандырып, қалада тұраққа қоюды жеңілдетуге арналған.

Тұраққа қою автопилоты параллельді қойған кезде де, перпендикулярлы қойған кезде де маневр жасауыңызға көмектеседі.

Тұраққа қою автопилоты қосылған соң сіз көлікпен жүріп бара жатқан кезде оны тұраққа қоюға болатын жерлерді анықтау үшін Jaguar-ыңыздың айналасындағы датчиктерді пайдаланады. Автокөлігіңіздің көлемінен 20 %-ға артық бос жерді тапқан бойда жүйе сенсорлық экранға хабарлама шығарып, тоқтауды, рульді жіберуді және артқы жүріс берілісін қосуды өтінеді. Содан соң ол өзі жүргізеді. Егер сіз рульді жібермесеңіз, жүйе өшіп қалады.

Ол басқа автокөліктерге және кедергілерге соғылудан автоматты түрде қашады, бірақ сіз жақын айналаңызда бала және жануарлардың бар-жоқтығына мұқият болғаныңыз жөн. Үдеткіш пен тежегіш педальдері сіздің бақылауыңызда болады, сондықтан сіз қозғалыстың жылдамдығын реттеп, қажет кезде тоқтата аласыз.

Қозғалыс бағытын ауыстыру қажет болса, жүйе тоқтауды және тиісті берілісті таңдауды ұсынады. Ол Jaguar-ыңызды осы жерге тұраққа мұқият қою үшін рульді өзі басқара береді.

Үш режим қолжетімді: «тұраққа параллельді қою» автокөлікке параллель орналасқан жерге артқы жүріспен қоюға көмектеседі, «тұраққа перпендикуляр қою» өзінен 90 градуста тұрған бос жерге автокөлікті абайлап қояды, «тұрақтан шығып кету» тұраққа қойған жерден қауіпсіз шығып кетуге көмектеседі.

Тұраққа қойған кезде көмек көрсету жүйесінде автоматты түрде іздеу функциясын қосу үшін жылдамдықты 18 миль/сағ дейін төмендетіңіз. Сондай-ақ сенсорлы экран арқылы тұраққа қойған кезде көмек көрсету жүйесін қоса аласыз. Батырманы басып, қажетті режимді — тұраққа параллельді қоюды, тұраққа перпендикуляр қоюды, тұрақтан шығып кетуді таңдауға болады — немесе жүйені өшіріп тастауға болады.

Бұл әсіресе тұраққа қоятын орынды табуы қиын шаруаға айналатын қала жағдайында ыңғайлы. Жүйе сізге өте кішкентай болып көрінуі мүмкін жерді де көрсетеді. Қалада көлікті тұраққа қоюдың ажырамас бөлігі болған майысқан жерлер мен сызаттардың алдын алып, көлікті тұраққа қояды.

Жүйе сізге еңіс жерде көлікті тұраққа қойған кезде көмектесе алмайды, сондай-ақ тар, екі жағынан көліктер тұраққа қойылған көшелерде оны пайдалану толығымен қауіпсіз емес. Тұраққа қойылған көліктердің арасындағы бос орынның ені кемінде 4,5 метр болуы керек.

Жүйе тұраққа қойылған көліктер сияқты ірі нысандарды ажыратады, бірақ жиектастың жанындағы басқа қауіптерді, мысалы, жануарларды, кішкентай балаларды, қоршауды, велосипедті және мопедті байқамай қалуы мүмкін. Тұраққа қойған кезде көмек көрсету жүйесін пайдаланып, маневрлеу кезінде зейініңізді қойып, автокөліктің айналасында болып жатқан жағдайды бақылаңыз. Егер тіркемеңіз болса, тұраққа қоюға көмек көрсету жүйесі өшіріледі.

JAGUAR PARK ASSIST SYSTEM

ТҰРАҚҚА ҚОЙҒАН КЕЗДЕГІ ҚОСЫМША КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕР

 

АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТҰРАҚҚА ҚОЮ ДАТЧИКТЕРІ

Артқы жүріс берілісін таңдаған кезде алдыңғы және артқы бамперлердегі датчиктер қосылады. Сенсорлық экрандағы кескін мен дыбыс сигналдары сіздің тұраққа қою барысында кедергілерге қаншалықты жақындағаныңызды хабарлап тұрады.

АРТҚЫ ЖҮРІСПЕН ҚОЗҒАЛҒАН КЕЗДЕ СОЛ ЖАҚТАН / ОҢ ЖАҚТАН ЖАҚЫНДАП КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ

Жүйе автокөліктер, жаяу жүргіншілер немесе автокөліктің кез келген жағынан жақындап келе жатқан басқа да қауіптер туралы ескертеді. Ол шолу бұғаттаулы болса да, артқы жақта кедергілердің бар екенін хабарлап, дыбыстық та, визуалды да ескертулер береді.

Жүргенде және тұраққа қойғанда InControl-да көмек функцияларын қосу үшін камера режимдерінің бірін таңдауға болады:

АЙНАЛА ШОЛУ ЖҮЙЕСІ

Айналаңызды айқын көрсету үшін айнала шолу камераларының жүйесі сенсорлық экран арқылы 360° сыртты көрсетіп, сонымен бірге әртүрлі маневрлерде — жиектастың жанына тұраққа қоюдан бастап тар жерлерге және қиылыстарға кіруге және шығуға дейін көмектеседі.


АРТҚЫ КӨРІНІС КАМЕРАСЫ

Артқы көрініс камерасы тар жерлерде тұраққа қоюды жеңілдетеді. Автокөліктің сыртқы периметрін және болжамды траекториясын көрсететін сызықтар сенсорлық экрандағы артқы көрініс камерасынан суретте басылады.

АВТОКӨЛІК ПЕРИМЕТРІ БОЙЫНША ОРНАЛАСҚАН ТҰРАҚҚА ҚОЮ ДАТЧИКТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Алдыңғы, артқы және бүйірлік тұраққа қою датчиктері шынайы уақыт режимінде дыбыстық және визуалды кері байланысты қамтамасыз етіп, кедергілерге қаншалықты жақын тұрғаныңызды көрсетеді.

InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбіреулері опционалды болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімді болмауы мүмкін. Қолжетімділік пен толық шарттар туралы ақпаратты Jaguar дилеріңізден нақтылаңыз. Кейбір функциялар үшін сәйкес деректерді беру келісімшарты бар тиісті SIM картасын қажет, бұл дилеріңіздің ұсынысы бойынша бастапқы кезеңнен кейін қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді.