ЭЛЕКТРМОБИЛЬ БАПТАУЛАРЫ (EV)

ЭЛЕКТРМОБИЛЬ БАПТАУЛАРЫ (EV)

ЖЕЛІЛІК ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Jaguar-ға мініп, қызықты жаңа шытырман оқиғаға саяхаттаңыз. Біз сізге электрлі мобильділіктің негізгі технологиялары мен онлайн қызметтеріне, соның ішінде ақпараттық ойын-сауық жүйесіне, смартфон қолданбаларына және зарядтау станциялары орналасқан карталарға қосылуға көмектесеміз.

ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Кәсіби түрде орнатылған үйден зарядтау құрылғысы – электрмобильдер мен гибридтерді зарядтаудың ыңғайлы және үнемді әдісі. Сонымен қатар күн сайын электр қуатын тиімді пайдаланудың бірнеше жолы бар.

ҚАРБАЛАС УАҚЫТТАН ТЫС КЕЗДЕ ЗАРЯДТАҢЫЗ ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

ҚАРБАЛАС УАҚЫТТАН ТЫС КЕЗДЕ ЗАРЯДТАҢЫЗ ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Электрмобиль иелері үшін арнайы жасалған тарифтік жоспарларда түнгі уақытта электр энергиясының құны әдетте, ең жоғары жүктеме сағаттарына қарағанда, төмен болады. Бұл түнгі уақытта электрмобильдің немесе гибридтің батарея зарядын ең ыңғайлы және қолжетімді етіп толтырады.

Бүгінгі таңда көптеген өндіруші компаниялар жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясын ұсынатындықтан, бұл зарядтау әдісі де экологиялық таза әдістердің біріне жатады.
ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫН ЖОСПАРЛАҢЫЗ

ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫН ЖОСПАРЛАҢЫЗ

Түнде электр желісіне қосып қою зарядтау процедурасын жеңілдетеді және көптеген электр өндіруші компаниялар ұсынатын электр энергиясының айтарлықтай арзан тарифтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Автокөлігіңіздің зарядтау кезеңін қалауыңызша таңдауға болатындықтан, сіз батарея қуатын толтыратын ең тиімді уақытты ешқашан жіберіп алмайсыз.

Қалаған зарядтау мерзімін орнату үшін iGuide1 қолданбасын жүктеп алып, «vehicle charging» (автокөлікті зарядтау) терминін іздеуге енгізіңіз.
МАКСИМАЛДЫ ЖҮРІС ҚОРЫН ПАЙДАЛАНА АЛУ ҮШІН АЛДЫН АЛА КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

МАКСИМАЛДЫ ЖҮРІС ҚОРЫН ПАЙДАЛАНА АЛУ ҮШІН АЛДЫН АЛА КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Бұл функция Jaguar электр желісіне қосылған кезде салонды және жоғары вольтті аккумулятор батареясын жылытуға немесе салқындатуға мүмкіндік береді және осылайша максималды жүріс қорын сақтау үшін зарядты үнемдейді.

Алдын ала кондиционерлеу мүмкіндігін баптау үшін iGuide1 қолданбасын жүктеп алып, «preconditioning» (алдын ала кондиционерлеу) терминін іздеуге енгізіңіз.

СМАРТФОНДАР ҮШІН ҰСЫНЫЛҒАН ҚОЛДАНБАЛАР

Jaguar iGuide және Jaguar Remote қолданбалары кез келген уақытта автокөліктің негізгі басқару элементтері мен функцияларына жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.1.

JAGUAR IGUIDE ҚОЛДАНБАСЫ: ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚҚА КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

JAGUAR IGUIDE ҚОЛДАНБАСЫ: ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚҚА КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Jaguar iGuide қолданбасы1 Jaguar басты функциялары мен басқару элементтері туралы ақпаратты оңай табуға мүмкіндік береді. Осы мобильді нұсқаулықтың көмегімен сіз автокөлік туралы кез келген сұраққа жауап таба аласыз.
JAGUAR REMOTE ҚОЛДАНБАСЫ: АВТОКӨЛІКТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ҚАШЫҚТАН БАСҚАРЫҢЫЗ

JAGUAR REMOTE ҚОЛДАНБАСЫ: АВТОКӨЛІКТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ҚАШЫҚТАН БАСҚАРЫҢЫЗ

Jaguar Remote қолданбасы1 автокөліктің функцияларын ұялы телефон экранынан басқаруға мүмкіндік береді. Есіктерді қашықтан құлыптау, отын қоры туралы ақпарат, зарядтау аралықтарын таңдау және климаттық жүйені баптау — барлығы қолданбада қолжетімді.

ҚОСЫМША ҚОЛДАУ

ЗАРЯДТАУ

ЗАРЯДТАУ

Үйде де, жолда да жоғары вольтті аккумуляторды оңай және ыңғайлы зарядтау.
ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІҢ ҚОЗҒАЛЫС РЕЖИМДЕРІ

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІҢ ҚОЗҒАЛЫС РЕЖИМДЕРІ

Электрлі тарту күшімен және іштен жану қозғалтқышының жетегімен қозғалу режимдері.

1Тек үйлесімді смартфондар үшін. Қолжетімділік пайдаланылатын мобильді желіге, сигнал деңгейіне және клиенттің есептік жазбасына байланысты. Мобильді деректер желісі немесе Wi-Fi қажет.