*Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде: көліктің шыққан жылына, күйіне, температураға және батареяның ағымдағы зарядына; пайдаланылатын құралға және зарядтау ұзақтығына байланысты болады.
1Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Jaguar ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.
Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.
Автокөліктің мультимедиа функцияларын қауіпсіз болған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
Pivi және InControl жүйелері, опциялар, басқа жеткізушілердің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты болады. Толық ақпарат алу үшін өз өңіріңіздегі Jaguar дилеріне хабарласыңыз. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.
Meridian — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда маркасы және Three fields құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда маркасы.