Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындыларының, отын шығынының, қуат тұтынудың және жүріс қорының көрсеткіштері көлік жүргізу, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдықтар, нақты бағдар және аккумулятор күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.
± Келтірілген сандар NEDC-ге сәйкес өндірушінің ресми сынақтарының нәтижесінде есептелген. Қоршаған орта жағдайлары мен жүргізу стиліне байланысты мәндерде айырмашылық болуы мүмкін. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін.
*Орындықтардың / интерьер элементтерінің және былғарымен қапталған рульдің кейбір бөліктері (барлық модельде) басқа материалдан жасалған болуы мүмкін.
1Автокөлігіңізде Apple CarPlay жүйесін пайдалануға болады. Apple CarPlay ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты болады, толығырақ ақпаратты мына сайттан қараңыз https://www.apple.com/au/ios/feature-availability/#apple-carplay.
2Автокөлігіңізде Android Auto жүйесін пайдалануға болады. Android Auto ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты. Қосымша ақпаратты https://www.android.com/auto/ сайтынан қараңыз.
3Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Jaguar ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.
4Blind Spot Assist көзден таса аймақтар мониторингі жүйесі соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Егер автокөлігіңіз жол қатарын ауыстырған кезде көзден тыс аймақта басқа көлік құралын анықтаса, жүйе рульді қосымша өзі реттейді және осылайша ықтимал соқтығысуды болдырмау үшін автокөлікті аулақ ұстау қажеттігін көрсетеді.
Жүргізушіге мультимедиалық функцияларды пайдалануға тек қауіпсіз болған жағдайда рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
Назар аударыңыз: стандартты жабдықтау тізімі интерьер әрлемесінің балама нұсқаларын таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің сатып алынған еліне, қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.
Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.
Pivi және InControl жүйелері, опциялар, басқа жеткізушілердің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты болады. Толық ақпарат алу үшін өз өңіріңіздегі Jaguar дилеріне хабарласыңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.
Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының сауда маркасы. Apple Inc. компаниясының соңғы пайдаланушы талаптары қолданылуы мүмкін.
Android Auto — Google LLC компаниясының сауда маркасы.
App Store — Apple Inc компаниясының тауар белгісі.
Google Play Store — Google LLC компаниясының тауар белгісі.
Meridian — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда маркасы және Three fields құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда маркасы.