ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бензиндік қозғалтқыштың жүріс қорымен үйлесімде электрлік күштік қондырғының тиімділігі.

Электрлік және бензиндік қозғалтқыштар арасында байқалмайтын ауысудың арқасында электр желісінен қосымша зарядталатын (PHEV) Jaguar гибридті автокөліктері екі әлемнің кереметін біріктіреді.

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Бензиндік және электрлік қозғалтқыштардың үйлесімі оңтайлы өнімділікті және тиімділікті қамтамасыз етеді. Сіз толығымен электрлік режимде қозғала аласыз немесе гибридті режимді таңдап, бензинді қозғалтқышты іске қоса аласыз — барлығы өзіңізге байланысты. Электржетекті барынша көп пайдалану режимінде аккумуляторлық батарея сыртқы энергия көздерінен және рекуперациялық тежелу барысында зарядтала алады.
БҰЛ АВТОКӨЛІКТЕРДІ КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТЕТІН НЕ?

БҰЛ АВТОКӨЛІКТЕРДІ КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТЕТІН НЕ?

Электр желісінен қосымша зарядталатын Jaguar гибридті автокөліктері жабдықталатын аккумулятор батареясы 62 км-ге / 39 миляға дейін жүріс қорын (Jaguar E-PACE) қамтамасыз етеді* және 53 км / 33 миля (Jaguar F-PACE) дейін* қосымша зарядтаусыз. Осылайша, осы модельдер электржетекті барынша көп пайдалану режимінде шығарындылардың нөлдік деңгейімен күнделікті жол жүру үшін өте қолайлы. Автокөлікті үйдегі зарядтау құрылғысы немесе штепсельді розетка көмегімен, сондай-ақ үнемі өсіп жатқан қоғамдық зарядтау станциялары желісінің бір нүктесінде оңай зарядтауға болады.
ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Электржетекті барынша көп пайдалану режимінде электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті автокөлік іс жүзінде шуылсыз қозғалады және жүрістің оңтайлы жатықтығын қамтамасыз етіп, бензиндік қозғалтқышқа баяу ауысуға қабілетті. Электрлік қозғалтқышты және іштен жану қозғалтқышын үйлестіретін гибридті режимде автокөлік ымырасыз сипаттамаларға ие болады және оның қуаты барынша біркелкі және қуатты үдеу үшін артады.

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІ (PHEV) ҚАЛАЙ ЗАРЯДТАУ КЕРЕК?

Электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті автокөліктер кәсіби үйдегі зарядтау құрылғысы, тұрмыстық розеткалар арқылы, сондай-ақ спортзалдар, сауда орталықтары және автомагистральдарда орналасқан сервистік станциялар сияқты көптеген қоғамдық қолдану орындарында зарядтауға болады.

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ<sup>1</sup>

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ1

Қуаты 7 кВт айнымалы токтан үйдегі зарядтау станциялары: Jaguar E-PACE PHEV гибридті нұсқасының толық зарядталу уақыты 2 сағат 12 минут / Jaguar F-PACE PHEV гибридті нұсқасының толық зарядталу уақыты 2 сағат 16 минут

3 түйіспесі бар тұрмыстық розеткалар: Jaguar E-PACE PHEV гибридті нұсқасының толық зарядталу уақыты 6 сағат 42 минут / Jaguar F-PACE PHEV гибридті нұсқасының толық зарядталу уақыты 7 сағат 6 минут


Көрсетілген модель: Jaguar F-PACE HSE

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ<sup>1

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ1

Қуаты 7 кВт айнымалы токтан қоғамдық зарядтау станциялары: Jaguar E-PACE PHEV гибридті нұсқасының 0-ден 80%-ға дейін зарядталу уақыты 1 сағат 24 минут және одан ұзақ / Jaguar F-PACE PHEV гибридті нұсқасының толық зарядталу уақыты 2 сағат 16 минут

Қуаты 50 кВт тұрақты токтан зарядтау станциялары: Jaguar E-PACE PHEV гибридті нұсқасының 0-ден 80%-ға дейін зарядталу уақыты 30 минут және одан ұзақ / Jaguar F-PACE PHEV гибридті нұсқасының 0-ден 80%-ға дейін зарядталу уақыты 30 минут және одан ұзақ


Көрсетілген модель: Jaguar E-PACE R-Dynamic HSE

МЕН ЖҮРІП ӨТЕТІН ҚАШЫҚТЫҚҚА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?

МЕН ЖҮРІП ӨТЕТІН ҚАШЫҚТЫҚҚА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Электржетекті барынша көп қолдану режимінде аккумуляторлық батарея – жалғыз энергия көзі. Нәтижесінде жүргізу стиліңіз, салонда пайдаланатын жабдық және тіпті сіз қозғалатын жағдайлар жүріс қорына ықпал етеді. Гибридті режимде отынды барынша көп үнемдеу үшін Jaguar ұсынатын болжамды оңтайландыру функциясы қолданылады. Ол электр қозғалтқыш пен іштен жану қозғалтқышы арасында зияткерлік ауысу үшін, көтерілу, түсу және навигациялық жүйеде белгіленген бағыт бойынша қозғалу жылдамдығы туралы деректерді қолданады.
ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИД АВТОКӨЛІК АҚША ҮНЕМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕ АЛА МА?

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИД АВТОКӨЛІК АҚША ҮНЕМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕ АЛА МА?

Барынша төмен пайдаланушылық шығындар, сатып алуға жеңілдіктер және салықтарды үнемдеу –– бұл электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті автокөліктеріне ауысу бензиндік немесе дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған әдеттегі автокөліктермен салыстырғанда экономикалық тиімді болатын кейбір аспектілер ғана.
АККУМУЛЯТОРҒА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

АККУМУЛЯТОРҒА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

Электр желісінен қосымша зарядталатын Jaguar гибридті автокөліктеріне орнатылатын аккумуляторлық батареяға кепілдік 6 жыл немесе 100 000 км (60 000 миля) жүрісті құрайды, қайсысы ертерек болатынына қарай.

СІЗГЕ ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИД (PHEV) САЙ КЕЛЕ МЕ?

Қандай автокөлікті таңдау керектігін білу үшін көлік жүргізу стиліңіз туралы 5 қарапайым сұраққа жауап беріңіз — толығымен электрлік, электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті (PHEV) немесе дизельдік не бензиндік қозғалтқышы бар.

JAGUAR ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТЕРІ

JAGUAR F-PACE

JAGUAR F-PACE

Біздің сәнді спорттық SUV қосылатын гибридті жетектің тиімділігінің, күнделікті қолайлылықтың, әсерлі дизайнның және спорттық басқарылудың тартымды үйлесімін ұсынады.
JAGUAR E-PACE

JAGUAR E-PACE

Plug-in Hybrid технологиясының және ықшам кроссовердің барлық артықшылықтары. Jaguar E-PACE — бұл әдемі сыртқы көріністің, маневрлік пен қарқындылықтың бірегей үйлесімі.

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

Толығымен электрлік Jaguar модельдері — бұл шығарындылардың нөлдік деңгейі бар спорттық сипаттамалардың үйлесімі.
«ЖҰМСАҚ» ГИБРИД ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

«ЖҰМСАҚ» ГИБРИД ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

«Жұмсақ» гибрид (MHEV) технологиясы әдетте тежелу кезінде жоғалатын энергияның рекуперациясын және бензиндік немесе дизельдік қозғалтқыштың қуатын арттыру үшін оны кейінгі қолдануды қамтамасыз етеді.

Jaguar Land Rover Limited компаниясы үнемі автокөліктерінің сипаттамаларын, дизайны мен өндірісін, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын жетілдіруге тырысады. Біз алдын ала хабарламай, өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз.

*F-PACE (PHEV) моделінің гибридті нұсқасындағы отын шығынының ресми көрсеткіштері, л/100 км (миля/галлон): аралас циклде 1,6 (176,6). CO2 шығарындылары 37 г/км. Электрлік тарту күшімен жүріс қоры: 65 км-ге (40 миляға) дейін.

E-PACE (PHEV) моделінің гибридті нұсқасындағы отын шығынының ресми көрсеткіштері, л/100 км (миля/галлон): аралас циклде 1,4 (201,8). CO2 шығарындылары 33 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 60 км (37 миля) дейін. Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындыларының, отын шығынының, қуат тұтынудың және жүріс қорының көрсеткіштері көлік жүргізу, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдықтар, нақты бағдар және аккумулятор күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

1Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.
2Отын шығынының ресми көрсеткіштері: қ.а. (қолданыла алмайды); I-PACE моделі үшін көрсеткіштер, кВт·сағ/100 км (миль): 22,0–25,2 (35,4–40,5) аралас циклінде энергия шығыны. CO2 шығарындылары 0 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 470 км (292 миля) дейін. Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. Қуат тұтыну және жүріп өту қашықтығының көрсеткіштері жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағдар және батарея күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

^ CO2 шығарындыларының көрсеткіштері2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және аксессуарлар сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.