JAGUAR СЕНІМДІЛІГІ

Jaguar әлемдегі ең қауіпсіз, ең қуатты және сенімді седандарды, спорттық автокөліктерді және кроссоверлерді жасау үшін бар күшін салады.
JAGUAR СЕНІМДІЛІГІ

Дизайнердің алғашқы қарындаш эскизінен және инженердің нақты есептеулерінен, виртуалды, зертханалық және нақты сынақтардың мыңдаған шақырымдарынан бастап көліктерімізді өндіруге, құрастыруға және жеткізуге дейін сапа мен сенімділік біз жасайтын барлық нәрсенің ажырамас бөлігі болып табылады.



Сондықтан біз жыл сайын озық автоматтандырылған жобалау жүйемізге (CAE) арналған бағдарламалық және аппараттық құралға 13 миллион фунт стерлинг салып тұрамыз. Ол бізге компоненттерді тезірек және жоғары дәлдікпен жобалауға, сондай-ақ нақты үлгілерді жасамас бұрын виртуалды сынақтар барысында көптеген шақырымдарды еңсеру арқылы оларды сынап көруге және оңтайландыруға мүмкіндік береді, соның арқасында біз үлгі өндірісіндегі тест-драйвты 1,2 миллион шақырымнан астам және CO2 шығарындыларын 290 тоннаға қысқартамыз2 .



Сондықтан әрбір беріліс қорабы 240 000 км жүріп өткен жолмен бірге 10 жылдық пайдалану циклін санаулы минут ішінде үлгілейтін, заманға сай жабдықталған зертханаларымызда 12 апталық үздіксіз стендтік сынақтан өтеді. Сондықтан біз автокөліктердің Швецияның солтүстігіндегі ормандарда -40 °C температурада немесе Аризона мен Дубай шөлдерінде +50 °C температурада және Италияның Нардо қаласындағы жоғары жылдамдықты трассаларда, Германиядағы Нюрбургринг трассасының «Солтүстік ілмегі» бойымен 8000 шақырымды жүріп өтпес бұрын қалай әрекет ететінін тексереміз. Мұның бәрі барлық жүйелер мен функциялардың нақты жағдайда жұмыс істейтіндігіне көз жеткізу және әзірлеуге «рұқсат беру» үшін қажет.



Сондықтан Jaguar автокөлігін жасағаннан кейін, оның Ingenium қозғалтқышының иінді білігінің дәлсіздігі 0,003 мм-ден аспайды, бұл болса, адам шашының қалыңдығының 6 пайызын құрайды, сонымен қатар нанғысыз төмен отын шығыны, бар болғаны 3,8 л/100 км және СО2 шығарындыларының деңгейі,2 99 г/км құрайды. Сондықтан жоғары технологиялық лазерлер мен камералар әрбір шассидің сапасын 168 параметр бойынша бақылайды және біз автокөлікке 6000 литр су құйылатын соңғы нөсер сынағына кіріспес бұрын, +/-0,5 мм панельдер арасындағы саңылаулардың дәлсіздігінен аспайтынын тексереді.



«Jaguar Land Rover автокөліктері озық жобалау әдістерін қолдана отырып әзірленеді, — дейді жобалау бөлімінің жетекшісі Ник Роджерс. — Бұл бізге клиенттерді барлық қызмет ету мерзімі бойы қуантатын, оларға тамаша сәйкес келетін автокөліктерді ұсынуға мүмкіндік береді. Jaguar Land Rover, Ұлыбританиядағы зерттеу мен әзірлеуге қаржы салатын ең ірі инвестор болып саналады. 2014-2015 жылдары біз оған 3,1 миллиард фунт стерлинг жұмсадық. Сонымен қатар біз жақында жобалау мүмкіндіктерімізді едәуір кеңейттік, соның арқасында біз беріктігі және сенімділігімен ерекшеленетін одан да ерекше көліктерді тезірек және тиімдірек жасауға және нарыққа шығаруға мүмкіндік алдық».



Jaguar Land Rover автокөліктерді әзірлеу қағидатын түбегейлі өзгерту және әдеттегі жолмен қол жеткізуге болмайтын қуат пен динамика деңгейлеріне қол жеткізу үшін өнеркәсіптің аэроғарыш саласы және Formula 1 сияқты жоғары технологиялармен айналысатын көздерден алынған сараптамалық әдістемелерді біріктіреді.

"STATE-OF-THE-ART ENGINEERING IS AT THE CORE OF JAGUAR LAND ROVER. IT IS FUNDAMENTAL IN PROVIDING CUSTOMERS WITH HIGHLY DESIRABLE VEHICLES, GIVING THEM EXPERIENCES THEY LOVE, FOR LIFE."


НИК РОДЖЕРС

Жобалауға жауапты атқарушы директор

БАСҚА ДА ХИКАЯЛАР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЫСАНДАР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЫСАНДАР


Жарияланған күні: 18.08.2016

Jaguar автокөліктерін ең қуатты, сенімді және динамикалық ету үшін бар күшімізді саламыз.
ВИРТУАЛДЫ ЖОБАЛАУ

ВИРТУАЛДЫ ЖОБАЛАУ


Жарияланған күні: 18.08.2016

Біз жаңа өнімдерді әзірлеу мен жасаудың жылдам, тиімді және сенімді тәсілдерін ашатын озық виртуалды жобалау құралдары мен инновациялық технологияларға үлкен сомаларды инвестициялаймыз. Осының арқасында, Jaguar автокөліктері қауіпсіздіктің жоғарылауымен, беріктігімен және сенімділігімен ерекшеленеді.
СЫНАҚТАР

СЫНАҚТАР


Жарияланған күні: 18.08.2016

Жобалау, әзірлеу және өндіру жұмыстарының әр кезеңінде Jaguar автокөлігінің әрбір құрамдас бөлігі қауіпсіздік, беріктік және сапа тұрғысынан мыңдаған сынақтар мен тексерулерден өтеді. Бұл әр автокөліктің сенімділігінің, төзімділігінің және қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне кепілдік береді.