Аэроғарыш және Формула-1™ сияқты жоғары технологиялы салаларда алған білімдерін пайдалана отырып, виртуалды жобалау дәстүрлі жобалау процестерінде қол жеткізу мүмкін емес өнімділік пен сапа деңгейлерін қамтамасыз етеді және заманауи Jaguar мен болашақтағы Jaguar автокөлігін әзірлеу тәсілдерін өзгертеді.
Біздің тәсілдемемізді жақсарту үшін біз жыл сайын виртуалды технологияларға 13 миллион фунт стерлинг саламыз. Гидродинамиканы есептеу (CFD) және автоматтандырылған жобалау (CAE) бағдарламалық құралы сияқты құралдарды аэродинамикадан, термореттеу жүйелерінен, аспадан және күшейткіш қаңқа құрылысынан бастап күштік агрегатты әзірлеуге және қамтамасыз етуге дейінгі автокөліктің көптеген әртүрлі аспектілерін виртуалды үлгілеу үшін пайдалануға болады. Олар тіпті шу деңгейін төмендету үшін нақты шарттардағы ауа ағындарының үнемі өзгеріп отыратын аэроакустикалық үлгілерін қолдана отырып, әйнектазартқыш щеткалар сияқты әртүрлі бөлшектердің құрылысын ұқсата алады.
Виртуалды технологияларды жетілдіруге деген ұмтылысымыздың ең айқын көрінісі – осы үлгілеу нәтижелерін өмірге әкелуге арналған Virtual Innovation Centre виртуалды инновациялар орталығын құру. Гейдондағы Jaguar инженерлік орталығында орналасқан бұл орталықты әзірлеу үшін 2 миллион фунт стерлинг қажет болды. Сонымен қатар біз жобалауды жеңілдететін виртуалды құралдар желісін кеңейтуге 3 миллион фунт стерлинг инвестиция салдық.
Оларға 3D кабинеті кіреді, онда жоғары ажыратымдылықтағы сегіз цифрлық проектор компьютерде жасалған модельдерден толық өлшемді 3D суретін жасайды. 3D-көзілдірік таққан операторлар суретке қарап, оны басқару пультімен басқара алады, бұл оларға сыртқы дизайнды, интерьер кеңістігін және орындықтардың орналасуын, шолымдылықты және басқару элементтерінің орналасуын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Virtual Reality Ergo Lab және Augmented Reality Rig виртуалды шынайылық зертханасында инженерлер мен дизайнерлер автокөлікті егжей-тегжейлі қарау үшін виртуалдық шынайылық дулығаларын пайдалана алады, ал көп функциялы тактильді платформалар мен технологиялар оларға көлік құралымен және оның басқару элементтерімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Техникалық сипаттамалардың оптикалық талдауы салон элементтерінің шағылысуын және алдыңғы әйнектегі жарықтарды үлгілеуге мүмкіндік береді.
1:1 арақатынасы бар экран сияқты басқа құралдар дизайнерлерге САПР көмегімен жасалған автокөлік құрылыстарының кескіндерін нақты өлшемде көрсетуге мүмкіндік береді, ал инновациялық жүргізу симуляторы инженерлерге ғимараттан шықпай-ақ, шу, діріл және қаттылықтың динамикасымен және оңтайландырумен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл виртуалды технологияны қолдануға негізделген тәсілдеме барлық автокөліктерді жобалауда қолданылады. Мысалы, XE-ні әзірлеу кезінде 1,8 миллион симуляция жүргізілді, бұл орталық процессордың 36 миллион сағат ішінде жұмыс істеуін талап етті, оның барысында 1200 терабайт дерек жасалды.
Қазірдің өзінде Jaguar Land Rover автокөліктерінің құрылысы мен өнімділігіне қойылатын талаптардың шамамен 40 пайызына сәйкестік виртуалды үлгілеу құралдарымен тексеріліп жатыр және біз 2020 жылға қарай бұл мәнді 100 пайызға жеткізу үшін көптеген серіктестермен жұмыс істеп жатырмыз.