Jaguar-дың болашағы қандай?
Біздің Reimagine стратегиямыз 2021 жылы жарияланды. Ол Jaguar-дың 2039 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу міндеттемесі аясында толықтай электрлі брендке айналатынын растайды.
Jaguar-дың қазіргі модельдік қатарына не болады?
Jaguar-дың әрбір моделі жетілдіріліп, жаңартылды. Сонымен қатар, біз қазіргі модельдік қатарымызға және клиенттерімізге деген адалдығымызды сақтаймыз. Бұл өзгерістерді сіз 2024 модельдік жылдағы көліктерден анық байқай аласыз — барлық жаңа жол талғамайтын көліктер мен седандар электрлендірілген қозғалтқыштармен ұсынылады.
Бұл қазіргі Jaguar иелері үшін нені білдіреді?
Jaguar бүкіл әлем бойынша автокөліктерді сатуды және жеткізуді жалғастырады. Jaguar-дың сервистік желісі толыққанды жұмыс істеп, клиенттерге жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Дилерлер Jaguar көліктеріне қызмет көрсетуді жалғастырады, барлық кепілдік міндеттемелерін орындайды және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартып, үздік клиенттік қолдау ұсынады. Жоспарлы техникалық қызмет көрсету мен жолдағы көмек, сондай-ақ Jaguar InControl® Remote & Protect™ қызметтері қолжетімді болып қала береді. Біз сізге және сіздің Jaguar көлігіңізге тәулік бойы, жылына 365 күн қамқорлық көрсетуге ұмтыламыз.