Инновация - бұл Ягуардың бай мотоспорт тарихынан өтетін жарыстың қаны. Ондаған жылдар бойы біз жолда не болуы мүмкін екенін қайта елестетіп алдық, осылайша біз оны сізге жолда жеткізе аламыз.
Ягуардың автоспорттағы ұзақ және даңқты тарихы біздің жол көліктерінің эволюциясын мәңгілік хабардар етті. Біздің Формула E-ге кіруіміз осы мұраны жалғастырып, болашақ электр көліктеріміздің бағытын басқарады.
БІЗДІҢ ЖАРЫС КӨЛІКТЕРІ
XK120
Күні: 1948 - 1954 Максималды жылдамдық: 124,6 миль/сағ / 200,5 км/сағ Қозғалтқыш көлемі: 3442 текш. см / 201 текш. дюйм Қуат: 160 а.к. / 119 кВт Факт: XK120 — шығарылған сәттегі әлемдегі ең жылдам сериялы автокөлік
Күні: 1954 - 1957 Максималды жылдамдық: 162 миль/сағ / 260,7 км/сағ Қозғалтқыш көлемі: 3442 текш. см / 210 текш. дюйм Қуат: 250 а.к. / 186 кВт Факт: D-Type 1955, 1956, 1957 жылдары Ле-Манда жеңіске жеткен
XJS
Күні: 1975 - 1996 Максималды жылдамдық: 153 миль/сағ / 246,2 км/сағ Қозғалтқыш көлемі: 4235 текш. см / 258 текш. дюйм Қуат: 285 а. к. / 212 кВт Факт: XJS 1983 жылы «24 сағаттық СПА-Франкоршам» жарысында жеңіске жеткен
XJR
Күні: 1983 - 1991 Максималды жылдамдық: 229 миль/сағ / 368,2 км/сағ Қозғалтқыш көлемі: 6995 текш. см / 426 текш. дюйм Қуат: 750 а. к. / 559 кВт Факт: XJR-12 1990 жылы Ле-Манда бірінші және екінші орын алды
ФОРМУЛА-1— R2 ЖӘНЕ R3
Күні: 2000 - 2004 Максималды жылдамдық: 194 миль/сағ / 312,2 км/сағ Қозғалтқыш көлемі: 2998 текш. см / 464 текш. дюйм Қуат: 770 а. к. / 574 кВт Факт: Эдди Ирвайн мен Марк Уэббер «Формула-1» жарысында Jaguar командасы атынан шыққан
«Формула E» I-TYPE 1
Күні: 2016 - 2017 Максималды жылдамдық: 140 миль/сағ / 225,3 км/сағ деңгейіндегі шектеу Қозғалтқыш көлемі: М/Ж Қуат: 200 кВт, бұл 270 а. к. тең Факт: Jaguar 2016/2017 жылы «Формула E» жарысының 3-ші маусымында жарыс жолына оралған
«Формула E» I-TYPE 2
Күні: 2017 - 2018 Максималды жылдамдық: 140 миль/сағ / 225,3 км/сағ деңгейіндегі шектеу Қозғалтқыш көлемі: М/Ж Қуат: 200 кВт, бұл 270 а. к. тең Факт: Jaguar өзінің алғашқы тұғырлы орнын және бірінші поул-позициясын I-TYPE 2-мен 2017/2018 жылдың 4-маусымында жеңіп алды
«ФОРМУЛА E» I-TYPE 3
Күні: 2018 - 2019 Максималды жылдамдық: 156 миль/сағ / 250 км/сағ Аккумулятор батареясының сыйымдылығы: 52 кВт⋅сағ Қуат: 250 кВт, бұл 335 а.к. тең Факт: Jaguar I-TYPE 3 2019 жылы Римде өткен «Формула E» жарысында командаға бірінші жеңісті және 1991 жылдан бері халықаралық автоспорт жарыстарында Jaguar-ға бірінші жеңісті алып келді.
«ФОРМУЛА E» I-TYPE 4
Күні: 2019 - 2020 Максималды жылдамдық: 174 миль/сағ / 280 км/сағ Аккумулятор батареясының сыйымдылығы: 52 кВт⋅сағ Қуат: 250 кВт, бұл 335 а.к. тең Факт: Jaguar I-TYPE 4 Jaguar Racing брендінің ең жеңіл әрі тиімді күштік агрегатымен жабдықталған, ол Мехикода дара жеңісті, Сантьягода поул-позиция мен тұғырға көтерілуді қамтамасыз етті.

БІЗДІҢ ЖАРЫСЫМЫЗ
XK120
1948– 1954: СИЛЬВЕРСТОУН ЖӘНЕ ЛЕ-МАН
Jaguar компаниясының революциялық XK қозғалтқышы үшін сынақ платформасына айналған мүлдем жаңа спорттық автокөлік: XK120 әлемдегі ең жүйрік сериялық автокөлік болып саналады. 1949 жылы XK120 Сильверстоундағы трассада торлы жалаушасын алады, ал бір жылдан кейін үш XK120 автокөлігі Ле-Манда дебют жасайды. Бұл автожарыстағы жаңа дәуірдің басы.
C-TYPE
1951– 1953: ЛЕ-МАН
1951 жылы Jaguar-ға авиация инженері білімі бар Малкольм Сайер келіп, осы саладағы білімді, тәртіп пен шеберлікті әкелді. Оның алғашқы бірлескен еңбегі – C-Type Ле-Манда жеңіске жетті, ал екінші пилот Стирлинг Мосс айналымды өту уақытының рекордын орнатты. 1953 жылы C-Type Ле-Манда тағы да жеңіске жетіп, төрт жүлделі орынның үшеуін алды.
D-TYPE
1954– 1957: ЛЕ-МАН
170 миль/сағ жылдамдықпен жүрсе де, қолайсыз ауа райы 1954 жылы D-Type-ті Ле-Мандағы жеңісінен айырды. Алайда сүйір пішінді автокөлік 1955, 1956 және 1957 жылдары өзіне жеңісті қайтарып алады — 1957 жылы ол жүлделі алты орынның бесеуін алған болатын. D-Type осы күнге дейін автокөлік құрастыру тарихындағы ең сәтті жарыс автокөліктерінің бірі болып қалуда.
XJS
1975–1996: ETCC ЖӘНЕ «24 САҒАТТЫҚ СПА-ФРАНКОРШАМ»
1982 жылы V12 XJS командасының құрамында TVR туымен шыққан британдық шабандоз жүргізуші Том Уокиншоу шанақты автокөліктер бойынша Еуропа чемпионатына қатысып, бірнеше жеңіске жетті. 1984 жылы Уокиншоу жүргізушілер арасындағы ETCC чемпионы атанып, сол жылы беделді «24 сағаттық Спа-Франкоршам» жарысында тағы да жеңіске жетті.
XJR-9
1983– 1991: «ДЕЙТОННЫҢ 24 САҒАТЫ» ЖӘНЕ ЛЕ-МАН
Жабық кокпиті бар XJR автокөліктері бүкіл әлем бойынша төзімділік жарыстарында ұзақ трассаларда өзінің тиімділігін дәлелдеді — бірақ асқан төзімділігімен 1988 жылғы XJR-9 мақтана алады. V12 қозғалтқышы бар суперкар «Дейтонның 24 сағатында», содан кейін «Ле-Манның 24 сағатында» жеңіске жетті, онда жүргізуші Мартин Брундл мен Jaguar пилоттар мен өндірушілер арасында чемпион атанды.
R1–R5
2000– 2004: «ФОРМУЛА-1»
«Формула-1» жарыстарында жүргенде Ferrari-дің бұрынғы пилоты Эдди Ирвайн бірнеше тұғырлы орындарға иеленді. Команда әйгілі австралиялық шабандоз жүргізуші Марк Уэббердің жаттығу алаңы ретінде де қызмет етеді. Ford-қа тиесілі Jaguar компаниясы әрқайсысы Cosworth V10 қозғалтқышымен жабдықталған үш автокөлікті әзірлеуде.
I-TYPE 1
2016: «ФОРМУЛА E»
Біздің жарыс мұрамызды сіңірген және танымал жарыс инженерлері мен кәсіби техниктер командасы құрған, жарқын, бәсекеге қабілетті және жеңіске ұмтылатын Jaguar Racing пен керемет I-TYPE 1 «Формула E» құрамына кірді.
I-TYPE 2
2017: «ФОРМУЛА E»
I-TYPE 2 пайда болған сәттен бастап Jaguar Racing бүгінгі күні «Формула Е» чемпионатының ең табысты маусымын көрсетті, онда команда бірнеше рет алғашқы ондыққа ілініп отырды. Қаланың шаршататын трассалары үшін арнайы жасалған I-TYPE 2 қуатын 200 кВт (270 а.к.) дейін арттырып, жылдамдығын 0-ден 100 км/сағ дейін қас қағым сәттей 2,9 секунд ішінде үдетті.
I-TYPE 3
2018– 2019: «ФОРМУЛА E»
Jaguar I-TYPE 3 рулінде отырған жаңа зеландиялық Митч Эванс Panasonic Jaguar Racing тарихына кірді, 2019 жылдың сәуір айында Римде өткен ABB FIA «Формула Е» әлем чемпионатында команда тарихындағы алғашқы жеңісті және 1991 жылдан бергі халықаралық автоспорт жарыстарындағы Jaguar-дың бірінші жеңісін әперді.
I-TYPE 4
2019– 2020: «ФОРМУЛА E»
Jaguar I-TYPE 4 Jaguar Racing брендінің ең жеңіл әрі тиімді күштік агрегатымен
жабдықталған. Оның максималды жылдамдығы 280 км/сағ құрады. Ол Мехикода дара жеңіске жетті,
поул-позицияны ұтып, Сантьягода тұғырға көтерілді. Маусым соңында Германияның
Берлин-Темпельхоф жабық әуежайының аумағында орналасқан тректе
9 күн ішінде 6 жарыс өткізілді. Panasonic Jaguar Racing командалық есепте
мәре сызығын жетінші болып кесіп өтті.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
JAGUAR I-PACE
Жарыс трекінен жолға: күн сайын Jaguar I-PACE‑пен жарыс динамикасының әсерін сезініңіз.
Керемет дизайн және таңғалдыратын динамика. ABB FlA «Формула Е» әлем чемпионатындағы тәжірибемізді жол электрмобильдерін жасау үшін қалай қолданатынымызды біліңіз.