АВТОСПОРТ ОРТАЛЫҒЫ

АВТОСПОРТ ОРТАЛЫҒЫ

ABB FIA Formula E әлем чемпионатының тағы бір керемет маусымына ең жеңіл, ең жылдам, ең тиімді электрлік Jaguar жарыс машинасымен дайындалыңыз.


«9-ШЫ МАУСЫМ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ АШАДЫ: ЖАҢА БОЛИД, JAGUAR TCS RACING ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК ЖӘНЕ «ФОРМУЛА E» ЖАРЫСЫНЫҢ ЖАҢА ТРАССАЛАРЫ. ABB FIA «ФОРМУЛА E» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АВТОСПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМ ҮШІН ӘСЕРЛІ КӨРІНІС, АЛ КОМАНДА ҮШІН ЖАҢА АСУ БОЛАТЫНЫ БІЗГЕ БЕЛГІЛІ.»

ТАЛАНТ, ҚҰМАРЛЫҚ ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

МИТЧ ЭВАНС

МИТЧ ЭВАНС

Митчтің дебюті 2016 жылы ABB FIA «Формула E» әлем чемпионатында Jaguar TCS Racing болидімен болды. Ол алты жасынан картингпен айналыса бастады, ал он алты жасында Жаңа Зеландия Гран-приінде жеңіске жетіп, сериядағы ең жас чемпион атанды. 2012 жылы жас шабандоз GP3 сериясын жеңіп алды. 2013 жылы Митч GP2-ге ауысып, мәре сызығына үшінші болып жетті. Өзі үшін ең керемет болған маусымда ол төрт рет жеңіске жетіп, жеті рет тұғырға көтерілді және жеке есепте тамаша екінші орынға табан тіреді.
СЭМ БЕРД

СЭМ БЕРД

Сэм Берд Jaguar TCS Racing-ке ABB FIA «Формула E» әлем чемпионатының жетінші маусымында қосылып, дебюттік жарысын жеңіп алды. Берд 2013 жылы GP2 сериясында екінші орын иеленгеннен кейін танымал бола бастады, содан кейін 2015 жылғы FIA төзімділік жарысы бойынша әлем чемпионатын жеңіп алып, бір жылдан соң тұғырдың екінші сатысына көтерілді. «Формулы E» ардагері, Берд — 2014 жыл мен 2021 жыл аралығында чемпионаттың алғашқы жеті маусымында жарысты жеңіп алған жалғыз шабандоз.
ДЖЕЙМС БАРКЛЕЙ

ДЖЕЙМС БАРКЛЕЙ

2015 жылдың қараша айында Джеймс ABB FIA «Формула E» әлем чемпионатының бағдарламасына қатысу үшін Jaguar командасының басшысы қызметіне тағайындалды, ал 2021 жылы Jaguar Land Rover компаниясының өкілі ретінде бөлімшенің атқарушы директоры болды. Джеймс соңғы алты маусымда Jaguar TCS Racing командасының жарыс жолында ғана емес, сонымен қатар одан тыс шараларда да көшбасшы болғанына куә болды. Өткен маусымда команда Джеймстің басшылық етуімен Римде тарихи жеңісті иеленсе, Митч Эванс тұғырдың екінші сатысына шықты.

ABB FlA «Формула Е» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

ҚУАТ ПЕН ТИІМДІЛІКТІҢ МІНСІЗ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ

I-TYPE 6

СИПАТТАМАЛАРЫ

ҮДЕУ
0–100 км/сағ (0–60 миль/сағ) шамамен


2.2секунд ішінде

I-TYPE 5-пен салыстырғанда 0,6 секунд жылдамырақ

ҚУАТ
 


407А.К.

I-TYPE 5-пен салыстырғанда 135 а.к. артық

ШАБУЫЛДАУ РЕЖИМІ
 


476А.К.

I-TYPE 5-пен салыстырғанда 156 а.к. артық

САЛМАҒЫ
 


850кг

I-TYPE 5-пен салыстырғанда 74 кг кем

ЖАРЫСТАРҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС: ЖҮРГІЗУГЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Жарыс трекінен жолға: күн сайын Jaguar I-PACE-пен жарыс динамикасының әсерін сезініңіз.
КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

ИННОВАЦИЯЛАР МҰРАСЫ

Jaguar өзінің өнімділігі, технологиясы және дизайны бойынша беделін ең қиын трассалар мен әлем чемпионаттарында көтерген.
КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ


«БІЗДІҢ БАРЛЫҚ СЕРІКТЕСІМІЗ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ПРОГРЕСТІҢ ШЫҢЫНДА ТҰР ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІК, БАТЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ ТРЕКТЕ МАҚСАТТАРЫМЫЗҒА ЖЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІНІН ТҮСІНЕДІ.»

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

ҚОСЫЛЫҢЫЗ

КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІ

КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІ

Біздің интернет-дүкенімізге кіріп, мінсіз кәдесыйды таңдап алыңыз.
ИННОВАЦИЯ ҮШІН ЖАРЫС

ИННОВАЦИЯ ҮШІН ЖАРЫС

Керемет дизайн және таңғалдыратын динамика. ABB FlA «Формула Е» әлем чемпионатындағы тәжірибемізді жол электрмобильдерін жасау үшін қалай қолданатынымызды біліңіз.
КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІ

КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІ

Біздің интернет-дүкенімізге кіріп, мінсіз кәдесыйды таңдап алыңыз.
ИННОВАЦИЯ ҮШІН ЖАРЫС

ИННОВАЦИЯ ҮШІН ЖАРЫС

Керемет дизайн және таңғалдыратын динамика. ABB FlA «Формула Е» әлем чемпионатындағы тәжірибемізді жол электрмобильдерін жасау үшін қалай қолданатынымызды біліңіз.