JAGUAR LAND ROVER LIMITED САЙТТАРЫ — МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Қызметтің халықаралық сипатына байланысты Jaguar компаниясы дербес деректерді ЕО-дан тыс жерде өңдеп, сақтайды. Сізден осындай өңдеуге келісім беруіңізді сұраймыз. Өкінішке орай, бас тартсаңыз, осы сайт арқылы салатын сұрауларыңызды өңдей алмаймыз. Деректерді ТЕК сіздің сұрауыңызды өңдеу үшін ғана қолданатынымызды атап өткен маңызды, бұл ретте Jaguar оларды алдағы байланыстарды орнату үшін қолдана алады (төменде келтірілген Құпиялылық саясатының талаптарын сақтаған жағдайда).
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Jaguar Land Rover Limited компаниясы сайттарға әрбір келушінің құпиялылығын құрметтейді. Сіз туралы жиналған кез келген ақпарат, біріншіден, сіз сұраған қызметтерді көрсету үшін және, екіншіден, біздің қызмет көрсету деңгейімізді жақсарту үшін қолданылады. Осының барлығы ақпаратты тиісінше қолданумен қатар жүреді.
Біз сіздің деректеріңізді Jaguar Land Rover Limited компаниясынан, оның еншілес немесе қауымдастырылған компанияларынан, сондай-ақ осы кез келген компанияның және Jaguar компаниясы тікелей немесе жанама түрде сіздің мүддеңізде қызмет көрсетуге келіскен кез келген басқа компанияның дилерлерінен, агенттіктері мен лицензиаттарынан тыс ешкімге ашпаймыз. Деректер деректерді қорғауға қатысты қолданыстағы құқықтық ережелерге сәйкес өңделетін болады және бастапқыда Еуропалық одақтың ішінде немесе әлемнің кез келген жерінде сақталып, өңделуі мүмкін. Деректер тек Jaguar өнімдері мен қызметтерін және ілеспе тауарларды таныстыру үшін пайдаланылады.
Жеке тұлға ретінде өзіңіз туралы қандай ақпаратты сақтайтынымызды білуге және қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге құқығыңыз бар. Сондай-ақ бізден бұл ақпаратты пайдаланбауды сұрауға да құқығыңыз бар. Біз сіздің талаптарыңызды орындау үшін бар күшімізді саламыз. Алайда кейбір заңнамалық актілер, әсіресе қауіпсіздік немесе қаржылық реттеу мәселелеріне байланысты актілер (мысалы, Jaguar Financial Services жағдайында) бұған кедергі келтіруі мүмкін.
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН БАҒАЛАР МЕН ӨНІМДЕР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ
Толық рәсімделетін автокөліктің бағасы автокөліктің ұсынылған бөлшек сауда бағасынан, дилерге дейін жеткізуден, ҚҚС-дан, 12 айлық мемлекеттік лицензиядан, көлік құралын бірінші рет тіркегені үшін мемлекеттік баждан және нөмірлік белгілердің бағалау құнынан тұрады. Опциондық бағалар жаңа автокөлікті жеткізу көлемдерін ескереді. Jaguar саясаты өнімдерді үнемі жетілдіруге негізделеді. Біз осы сайтта бейнеленген және сипатталған модельдер мен аксессуарлардың техникалық сипаттамаларын, түстерін және бағаларын кез келген уақытта өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз.
Біз соңғы жаңарту жүргізілген кезде ақпараттың, деректердің және сипаттамалардың дұрыс көрсетілуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тапсырыс берер алдында Jaguar дилерінен автокөліктің техникалық сипаттамаларын нақтылау ұсынылады.
Jaguar.com сайтында әртүрлі нарықтарға арналған бірнеше нұсқа бар. Jaguar.com басты бетіндегі тілді таңдау функциясы арқылы нақты нарық сайтына кіруге болады. Жергілікті сайттағы ақпарат әр автокөліктің сипаттамаларына және осы нарықта қолжетімді сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты болып келеді. Көлік құралы туралы ақпарат нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл сайтта ештеңе де Jaguar компаниясының немесе оның дилерлерінің қандай да бір автокөлікті сату туралы ұсынысы болып саналмайды.
Ұсынылған түстердің үлгілері тек қолжетімді реңктерге шолу болып табылады. Өкінішке орай, суреттер жоғары сапалы бояудың көмегімен боялған автокөлік бетінің сыртқы көрінісін дәйекті түрде жеткізе алмайды.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР [FAQ]
1. Jaguar компаниясының деректерді жинауынан мен қандай артықшылықтар аламын?
2. Jaguar сайттары қандай ақпаратты жинай алады?
3. Jaguar бұл ақпаратты қалай жинайды және сақтайды?
4. Jaguar бұл ақпаратты қанша уақыт сақтайды?
5. Дербес деректер қайда сақталады?
6. Jaguar бұл ақпаратты қандай мақсатпен жинайды?
7. Бұл саясат кімге қолданылады?
8. Jaguar компаниясының балалар құпиялылығына қатысты міндеттемелері.
9. Cookie файлдары дегеніміз не?
10. Клиент профильдері дегеніміз не?
11. Өзіңіз туралы ақпаратты қалай өзгертуге болады?
12. Тіркелгім келсе, не істеуім керек?
13. Тіркелуден бас тартсам, не болады?
Jaguar компаниясының деректерді жинауынан мен қандай артықшылықтар аламын?
Бұл ақпаратты жинау Jaguar компаниясына мыналарды қамтамасыз етуге көмектеседі:
1. Сізге сайтты пайдалану оңайырақ болады, өйткені ақпаратты қайта енгізудің қажеті жоқ.
2. Біз ақпаратты тезірек ұсына аламыз.
3. Біз сізге дербестендірілген мазмұнды көрсете аламыз.
4. Сіз Jaguar компаниясы ұсынатын қызметтерді немесе мәліметтерді тезірек таба аласыз.
5. Біз ақпаратты сайттың жұмысын жақсарту үшін қолданатын боламыз.
6. Біз сайтты пайдаланудың жалпы үрдістері мен сипатын бағалай аламыз.
7. Біз сізге жаңа өнімдер, арнайы ұсыныстар, жаңартылған ақпарат және, Jaguar пікірінше, сізді қызықтыратын басқа да жаңалықтар туралы хабарлаймыз. Рұқсат берген болсаңыз, біз басқа компанияларға сізбен тікелей байланысуға рұқсат бере аламыз.
8. Біз Jaguar.com сайтындағы алдыңғы іс-әрекеттеріңізге негізделе отырып, өнімдер, ұсыныстар және қызметтер туралы өзекті ақпаратты көрсетеміз.
9. Біз Jaguar.com сайтында сүйікті медиафайлдарыңызды (тұсқағаздар, бейне, аудио), автокөлік конфигурацияларын және таңдаулы дилерлер туралы ақпаратты сақтаймыз.
Jaguar сайттары қандай ақпаратты жинай алады?
Jaguar компаниясының мамандары сізге жеке ақпаратыңызды мүмкіндігінше көбірек бақылауды ұсынуға тырысады. Сіз бізге өзіңіздің кім екеніңізді айтпастан және өзіңіз туралы ешқандай ақпарат берместен, Jaguar сайттарына кіре аласыз. Алайда кейде бізге сіз туралы мәліметтер, мысалы, сіздің аты-жөніңіз бен мекенжайыңыз қажет болуы мүмкін. Біз сізге бұл туралы ақпарат жинау басталғанға дейін хабарлауға ниеттіміз.
Тіркеуге дейін де сайтты қалай пайдаланғаныңыз туралы анонимді ақпаратты жинайтын боламыз. Бұл кез келген сайт үшін стандартты процедура. Жиналған ақпарат сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік бермейді, бірақ бізге маркетингілік мақсаттар үшін немесе көрсетілетін қызметті жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.
Қызметті жақсарту үшін біз сізді Jaguar.com сайтына әкелген сайт (мысалы, Google іздеу) немесе баннер туралы анонимді ақпаратты жинаймыз.
Jaguar компаниясына қажет болуы мүмкін жеке ақпаратты бергіңіз келсе (мысалы, сізбен хат алмасу немесе жазылым ұсыну үшін), біз сізге осындай ақпаратты қолдану жолымыз туралы хабарлаймыз. Бұл ақпарат сізбен одан әрі байланыс орнату үшін пайдаланылғанын қаламасаңыз, біз сіздің талап-тілегіңізді міндетті түрде ескереміз.
Jaguar бұл ақпаратты қалай жинайды және сақтайды?
Сайт сіз туралы ақпаратты әртүрлі тәсілдермен жинай алады: оны сізден тікелей сұрау арқылы (тіркеу нысанындағыдай) немесе сайтқа кіруіңіз туралы ақпаратты автоматты түрде жазу арқылы. Мысалы, біз сіздің сайт бойынша жылжуыңыз туралы деректерді жинай аламыз немесе сіз жасаған әрекеттерді жазып ала аламыз.
Ақпарат физикалық және техникалық әдістердің көмегімен қорғалған қауіпсіз ортада сақталады. Бұл ақпаратты еркін пайдалану рұқсаты берілмейді.
Jaguar бұл ақпаратты қанша уақыт сақтайды?
Бұл ақпарат сізге үздік қызмет көрсетуге және талап-тілектеріңізді құрметтеуге көмектесетін болса, Jaguar оны қауіпсіз және қорғалған ортада сақтайды. Сонымен қатар заңнама бізге бұл ақпаратты белгілі бір уақыт аралығында сақтауға міндеттей алады. Бізде сақталған ақпаратты өзгерту немесе жаңарту тәсілін білу үшін осы бөлімдегі тиісті тармаққа өтіңіз.
Дербес деректер қайда сақталады?
Jaguar әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Біз өз клиенттерімізге қай жерде болмасын үздіксіз қызмет көрсетуге тырысамыз, сондықтан сайттарымызды бір орталық кеңсенің көмегімен басқарамыз. Қазіргі уақытта ол Біріккен Корольдікте орналасқан, бірақ біз басқа елдердің, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының веб-қызметтерін де қолданамыз. Еуропада да, Америка Құрама Штаттарында да қолданылатын деректерді қорғау туралы бірыңғай заңдар жинағы жоқ; Еуропа заңдары сіздің дербес деректеріңізді АҚШ-қа жіберудің және сақтаудың алдында сізден біржақты келісімді талап етеді.
Jaguar бұл ақпаратты қандай мақсатпен жинайды?
Бұл ақпарат бізге қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін қажет. Өз өнімдеріміз бен қызметтерімізді сіздің нақты қажеттіліктеріңізге сәйкес бейімдегіміз келеді.
Бұл саясат кімге қолданылады?
Бұл саясат жеке тұтынушылар мен компания өкілдерінің пайдалануына арналған сайттарға қатысты қолданылады.
Jaguar компаниясының балалар құпиялылығына қатысты міндеттемелері
Балалардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық өте маңызды. Осы себепті біз, білуімізше, 16 жасқа толмаған келушілердің ақпаратын ешқашан жинамаймыз немесе сақтамаймыз.
COOKIE ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ
Cookie файлдарын жою
Браузердің «Cookies» қалтасына орнатылған cookie файлдарын жою оңай. Мысалы, Microsoft Windows жетектеушісін қолдансаңыз:
Windows жетектеушісін ашыңыз
Аспаптар тақтасындағы «Іздеу» түймесін басыңыз
«Қалталар мен файлдар» опциясындағы іздеу жолағына «cookie» сөзін енгізіңіз
«Іздеу жолы» жолағынан «Менің компьютерім» тармағын таңдаңыз
«Іздеуді бастау» түймесін басыңыз
Табылған қалталарды екі рет басыңыз
Кез келген cookie файлын таңдаңыз
Компьютер пернетақтасындағы «Delete» пернесін басыңыз
Microsoft Windows жетектеушісін қолданбасаңыз, cookie файлдары қалтасын қайдан табуға болатыны туралы ақпарат алу үшін «Анықтама» опциясынан «cookies» тармағын таңдауыңыз керек.
Өзіңіз туралы ақпаратты қалай өзгертуге болады?
Кейбір Jaguar сайттарында сіз берген жеке ақпаратты көруге және жаңартуға мүмкіндік беретін тіркеу беттері бар. Басқа жағдайларда сізге бар болғаны қатысудан бас тарту мүмкіндігі беріледі. Егер сізге Jaguar сайтында бұрын берген дербес деректерді түзету қажет болса, көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Интернет пен сайттарды пайдалану қауіпсіз бе?
Интернет қауіпсіз жүйе емес. Онлайн режимінде ашып жатқан ақпаратқа қатысты тұрғыда абай болыңыз. Jaguar сайттарында жиналған дербес деректер көпшілікке қолжетімді емес қорғалған операциялық орталарда сақталады. Кейбір жағдайларда дербес деректер тиісті қауіпсіздік технологиясын қолдана отырып, әрекетті орындамас бұрын шифрланады.
Тіркелуден бас тартсам, не болады?
Егер сіз тіркелмеу немесе жеке ақпаратты ұсынбау шешімін қабылдасаңыз да, Jaguar сайттарының көпшілігін пайдалана аласыз. Дегенмен сіз тіркеуді қажет ететін бөлімдерге кіре алмайсыз. Сіз тіркелмесеңіз де, біз кейде сайтты қалай пайдаланғаныңыз туралы анонимді ақпаратты жинап тұрамыз. Бұл ақпарат жеке өзіңізді анықтауға мүмкіндік бермейді, бірақ маркетинг немесе біз ұсынатын қызметтерді жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін
Cookie — бұл сайттан компьютеріңіздің қатты дискісіндегі браузердің cookie файлына жіберілетін, сайтқа сізді есте сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттың мәтіндік жолағы. Cookie файлдары сайтқа мазмұнды қалауыңыз бойынша тезірек ұйымдастыруға көмектеседі. Үлкен сайттардың көбісі cookie файлдарын пайдаланады. Тек cookie файлдары арқылы келушіні анықтау мүмкін емес.
Cookie файлы, әдетте, ол шыққан домендік атауды, cookie файлының жарамдылық мерзімін, сондай-ақ оның мәнін — әдетте, ерікті түрде жасалған бірегей нөмірді қамтиды.
Бұл сайт cookie файлдарының екі түрін пайдаланады:
Уақытша болып табылатын және сайттан шыққанға дейін браузеріңіздің cookie файлында сақталатын сессиялық cookie файлдары.
Браузеріңіздің cookie файлында ұзағырақ сақталатын тұрақты cookie файлдары (ұзақтығы әрбір нақты cookie файлының жарамдылық мерзіміне байланысты өзгереді).
Cookie осы сайтта қалай пайдаланылады және қандай ақпарат жиналады?
Сессиялық cookie файлдары келесі мақсаттарда қолданылады:
- Ақпаратты парақтар арасында тасымалдау үшін, осылайша пайдаланушылар ақпаратты әрбір рет қайтадан енгізу қажеттілігінен босатылады.
- Пайдаланушыларға сақталған тіркеу ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін.
Тұрақты cookie файлдары сайтқа келесі мүмкіндік береді:
- Сайтқа қайта кірген кезде пайдаланушыларды ажырату (тек нөмір бойынша, пайдаланушылардың жеке басын анықтау мүмкін емес).
- Пайдаланушының қалауына сәйкес мазмұнды немесе жарнаманы таңдау және бір жарнаманы бірнеше рет көрсетпеу.
- Келушілердің сайтты қалай пайдаланатынын түсінуге және оның құрылымын жетілдіруге мүмкіндік беретін жиынтық анонимді статистикалық деректерді жинау. Cookie файлдарын осылай пайдалану пайдаланушыларды анықтауға мүмкіндік бермейді.
Бөгде ұйымдардың cookie файлдары
Бөгде ұйымдар да осы веб-сайтта cookie файлдарын пайдаланады. Cookie файлдары келесі мақсаттарда қолданылады:
- Біздің сайтымызда жарнамалық хабарламаларды орналастыру және пайдаланушылардың тиісті ауысуларын қадағалау.
- Белгілі бір жарнаманы қаншалықты жиі көретініңізді бақылау.
- Мазмұнды сіздің қалауыңызға бейімдеу.
- Біздің сайтымызды анонимді пайдаланушылар санын есептеу.
- Себеттердің немесе транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Веб-маяктар
Біздің кейбір веб-беттерімізде осы беттерге кірген пайдаланушыларды санауға мүмкіндік беретін веб-маяктар деп аталатын (бос GIF деп те аталады) электрондық суреттер болуы мүмкін. Веб-маяктар шектеулі деректер көлемін жинайды: cookie файлының нөмірі, бетті қараған уақыт пен күн және веб-маяк орналасқан беттің сипаттамасы. Біз бөгде жарнама берушілер орналастырған веб-маяктарды пайдалана аламыз. Бұл маяктар ешқандай жеке ақпаратты тасымалдамайды және тек белгілі бір науқанның тиімділігін бақылау үшін қолданылады.
Cookie файлдарын өшіру және қосу
Браузер баптауларын өзгерту арқылы cookie файлдарын өшіруге және қосуға болады. Алайда cookie өшірілген болса, сіз сайтымыздың барлық интерактивті функцияларын пайдалана алмайсыз. Егер сіз cookie файлын қатты дискіге жібермес бұрын хабарлама алғыңыз келсе, келесі нұсқауларды орындаңыз:
Internet Explorer 7.0+ браузерінде:
- Tools мәзіріне өтіңіз
- Internet Options түймесін басыңыз
- Privacy қойындысына өтіңіз
- Жүгірткіні жылжыта отырып, таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- Егер сіз енді cookie файлдарын алып тұрғыңыз келмесе, High қауіпсіздік деңгейін таңдаңыз
- OK түймесін басыңыз
- General қойындысына өтіңіз
- Browsing History бөліміндегі Delete түймесін басыңыз
- Delete Browsing History қалқымалы терезесінде Delete Cookies түймесін басыңыз
- Осыдан кейін барлық cookie файлдары жойылады
Бұл файлдарды жойғаннан кейін сізде cookie файлдары болмайды және сіздің браузеріңіз сіз таңдаған қауіпсіздік деңгейіне сәйкес жаңа cookie файлдарын жібермейді немесе алмайды.
Internet Explorer 6.0+ браузерінде:
- Tools мәзіріне өтіңіз
- Internet Options түймесін басып, Privacy қойындысына өтіңіз
- Жүгірткіні жылжыта отырып, таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- Егер сіз енді cookie файлдарын алып тұрғыңыз келмесе, High қауіпсіздік деңгейін таңдаңыз
- OK түймесін басыңыз
- Cookie каталогіңізге өтіңіз
- Онда орналасқан барлық файлдарды жойыңыз — бұл барлық cookie файлдарын жояды
Бұл файлдарды жойғаннан кейін сізде cookie файлдары болмайды және сіздің браузеріңіз сіз таңдаған қауіпсіздік деңгейіне сәйкес жаңа cookie файлдарын жібермейді немесе алмайды.
Mozilla Firefox 3.0+ браузерінде:
- Tools мәзіріне өтіңіз
- Options түймесін басыңыз
- Privacy түймесін басыңыз
- Егер сіз cookie файлын сақтағыңыз келмесе, Accept cookies from sites тармағынан құсбелгіні алып тастаңыз
- Сол терезеде cookie файлын жою үшін Clear now түймесін басыңыз
- Clear Private Data тармағында Cookies белгісін қойыңыз
- Clear private data now түймесін басыңыз
Бұл файлдарды жойғаннан кейін сізде cookie файлдары болмайды және сіздің браузеріңіз сіздің баптауларыңызға сәйкес жаңа cookie файлдарын жібермейді немесе алмайды.
Mozilla Firefox 2.0 браузерінде:
- Tools (немесе Linux-та Edit) мәзіріне өтіңіз
- Options (немесе Linux-та Preferences) түймесін басыңыз
- Сол жақ тақтадағы Privacy белгішесін басыңыз
- Cookies түймесін басыңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- Бөгде cookie файлдарын құлыптау опциясы Firefox 2 пайдаланушы интерфейсінен жойылғанын ескеріңіз
Mozilla Firefox 1.5 браузерінде:
- Tools (немесе Linux-та Edit) мәзіріне өтіңіз
- Options (немесе Linux-та Preferences) түймесін басыңыз
- Сол жақ тақтадағы Privacy белгішесін басыңыз
- Cookies түймесін басыңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
Safari 2.0.+ браузерінде:
- Safari мәзірінен Preferences таңдаңыз
- Security белгішесін таңдаңыз
- Cookie баптаулары терезеде көрсетіледі
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
Safari 1.2.+:
- Safari мәзірінен Preferences таңдаңыз
- Security белгішесін таңдаңыз
- Cookie баптаулары терезеде көрсетіледі
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
Opera 8.5.0
- File мәзіріне өтіңіз
- Preferences түймесін басыңыз
- Privacy тармағын таңдаңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
Netscape 7.0+ қолдансаңыз:
- Мәзір жолағынан Edit дегенді таңдаңыз
- Preferences түймесін басыңыз
- Privacy түймесін басыңыз & Security
- Cookies жолын таңдаңыз
- Таңдаулы баптауларды таңдаңыз
- OK түймесін басыңыз
- Start түймесіне өтіңіз
- Find түймесін басыңыз
- Files and Folders дегенді басыңыз
Пайда болған іздеу жолағында «cookies.txt» енгізіңіз
- Find Now түймесін басыңыз
- Іздеу нәтижелері пайда болған кезде, тізімдегі барлық файлдарды себетке сүйреп апарыңыз: бұл барлық cookie файлдарын жояды
- Енді Netscape браузерін жауып, қайта іске қосыңыз
Алдыңғы таңдауыңызға байланысты сізден жаңа cookie файлдарын орнату немесе cookie файлдарын орнатпау немесе алмау сұралады.
Cookie файлдарын жою
Браузердің «Cookies» қалтасына орнатылған cookie файлдарын жою оңай. Мысалы, Microsoft Windows жетектеушісін қолдансаңыз:
Windows жетектеушісін ашыңыз
Аспаптар тақтасындағы «Іздеу» түймесін басыңыз
«Қалталар мен файлдар» опциясындағы іздеу жолағына «cookie» сөзін енгізіңіз
«Іздеу жолы» жолағынан «Менің компьютерім» тармағын таңдаңыз
«Іздеуді бастау» түймесін басыңыз
Табылған қалталарды екі рет басыңыз
Кез келген cookie файлын таңдаңыз
Компьютер пернетақтасындағы «Delete» пернесін басыңыз
Microsoft Windows жетектеушісін қолданбасаңыз, cookie файлдары қалтасын қайдан табуға болатыны туралы ақпарат алу үшін «Анықтама» опциясынан «cookies» тармағын таңдауыңыз керек.
Өзіңіз туралы ақпаратты қалай өзгертуге болады?
Кейбір Jaguar сайттарында сіз берген жеке ақпаратты көруге және жаңартуға мүмкіндік беретін тіркеу беттері бар. Басқа жағдайларда сізге бар болғаны қатысудан бас тарту мүмкіндігі беріледі. Егер сізге Jaguar сайтында бұрын берген дербес деректерді түзету қажет болса, көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Интернет пен сайттарды пайдалану қауіпсіз бе?
Интернет қауіпсіз жүйе емес. Онлайн режимінде ашып жатқан ақпаратқа қатысты тұрғыда абай болыңыз. Jaguar сайттарында жиналған дербес деректер көпшілікке қолжетімді емес қорғалған операциялық орталарда сақталады. Кейбір жағдайларда дербес деректер тиісті қауіпсіздік технологиясын қолдана отырып, әрекетті орындамас бұрын шифрланады.
Тіркелуден бас тартсам, не болады?
Егер сіз тіркелмеу немесе жеке ақпаратты ұсынбау шешімін қабылдасаңыз, Jaguar сайттарының көпшілігін пайдалана аласыз. Дегенмен сіз тіркеуді қажет ететін бөлімдерге кіре алмайсыз. Сіз тіркелмесеңіз де, біз кейде сайтты қалай пайдаланғаныңыз туралы анонимді ақпаратты жинап тұрамыз. Бұл ақпарат жеке өзіңізді анықтауға мүмкіндік бермейді, бірақ маркетинг немесе біз ұсынатын қызметтерді жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін.