Екі жыл сайын су жаңа Jaguar жүргізіңіз және тек 0% бастапқы жарнамен пайдаланған бөлшектер үшін ғана төлеңіз. Басқа артықшылықтардың қатарында кепілдендірілген ең төменгі болашақ құны, сервистік қызмет көрсету, сақтандыру және автокөліктерді таңдау мүмкіндігі бар.
Jaguar көлігін жүргізу бұрын-соңды соншалықты оңай әрі жеңіл болған емес.
Бұл қалай жұмыс істейді:
• Өзіңіздің Jaguar-ды таңдаңыз, жылдық жүріп өткен жол мен бастапқы жарнаның мөлшерін келісіңіз: 0 %, 10 % немесе 20 %.
• Сіздің дилеріңіз келісімшарттың соңында автокөліктің кепілдендірілген ең төменгі болашақ құнын (GMFV) есептейді.
• GMFV жасы мен болжамды жүріп өткен жолын ескере отырып, келісімшарттың қолданылу мерзімінің соңындағы автокөліктің болжамды құны негізінде белгіленеді. Содан кейін егер сіз Jaguar-ды қалдыруды шешсеңіз, бұл сома мерзімі ұзартылған ақырғы төлемге айналады.
• Ақырғы төлем және бастапқы жарна автокөліктің құнынан шегеріледі, ал сіздің тұрақты ай сайынғы төлемдеріңіз қалған сома мен келісімшарт бойынша пайыздар негізінде есептеледі.
Келісімнің қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін сіз келесі нұсқалардың бірін таңдай аласыз:
• Жаңа автокөлік сатып алу: жаңа автокөлік сатып алып, жаңа автокөліктің алғашқы жарнасы үшін міндетті емес ақырғы төлемнің қалған сомасын пайдаланыңыз.
• Автокөлікті қалдыру: ақырғы төлемді төлеп, көлікті сатып алу.
• Автокөлікті қайтару және ақырғы төлемді жасамау. Автокөлікті келісімшарт талаптарында көрсетілген күйде және келісілген жүріп өткен жол шегінде қайтарған жағдайда сіз басқа ешнәрсе төлемейсіз.
Артықшылықтары:
• Бюджетті жоспарлауды жеңілдету үшін бекітілген тұрақты төлемдер.
• Сіздің тұрақты төлемдеріңіз азаяды, өйткені құнның бір бөлігі келісімшарттың соңына дейін кейінге қалдырылады.
• Келісімшарттың қолданылу мерзімінің соңында автокөліктің құны, кем дегенде, міндетті емес ақырғы төлемнің құнына тең болатынына кепілдік беріледі. Бұл сізді мінілген автокөліктердің құнының ықтимал төмендеуінен қорғайды.
• Жаңа Jaguar-ды қысқа мерзімде сатып алу мүмкіндігі.
• Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес бастапқы жарнаға қатысты икемділік; келісімшарттың соңында сіз үш нұсқаның қайсысы сізге сәйкес келетінін таңдайсыз.
Ережелер мен шарттар:
• * Автокөлік жүріп өткен жолына қатысты қойылатын талаптар мен пайдалану жағдайларына сәйкес келмесе, қосымша ақы алынады.
• Келісім жасасу мүмкіндігі төлем қабілетіне байланысты.
Қолжетімді опциялар туралы қосымша ақпарат алу үшін сату жөніндегі менеджерге хабарланысыңыз.
БЕЙНЕНІ КӨРУ