ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЫСАНДАР

Jaguar автокөліктерін ең қуатты, сенімді және динамикалық ету үшін бар күшімізді саламыз.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЫСАНДАР

Жаңа автокөлігімізбен жұмыс Англияның орталық бөлігінде, Уитлидегі жобалау орталығымызда және Гейдондағы Jaguar Land Rover сынақ полигонында басталады.


Гейдонда 2500 инженер жұмыс істейтін жобалау және дизайн кеңселері мен кәсіпорындарымыз 380 акр аумақты алып жатыр. Біздің қызметкерлер климаттық сынақ камераларын қамтитын көптеген озық құралдарды пайдалана алады, олар -40 °C температурадағы қатал арктикалық қыстың немесе термометр бағанасы +55 °C-қа жетуі мүмкін Таяу Шығыстағы ыстық шөлдің жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар 240 000 шақырым жүріп өткен жолмен бірге 10 жылдық пайдалану циклі барысында құрамдас бөліктердің жұмысын санаулы апта ішінде, Ұлыбританиядан шықпай-ақ, тексеруге мүмкіндік беретін қозғалтқыштарды, трансмиссияларды, беріліс қорабын және шассиді сынауға арналған жабдыққа қол жеткізе алады.



Гейдондағы сынақ жолдарында автокөліктер шығарындылар деңгейін тексеру үшін тәулігіне 24 сағат бойы төрт жолақты тректе жүре алады. Дамушы елдер мен жолсыз жерде жұмысты сынауға арналған қиыршық тас жолдары және төзімділікті сынауға арналған төмен жылдамдықты шеңберлі жоларна бізге автокөлікті әртүрлі жол жағдайларында бақылауға мүмкіндік береді.



Сонымен қатар біз Jaguar автокөліктерінің сенімділігіне көз жеткізу үшін Жер бетіндегі ең қиын пайдалану жағдайларында, түпүлгілеріміз мыңдаған шақырымдарды еңсере алатын, бүкіл әлем бойынша нақты шарттардағы сынақтарды өткізу үшін бірқатар жоғары технологиялық сынақ полигондарын жасадық.

Jaguar F-PACE – климаттық сынақтар камерасы, Гейдон

Cold-weather tests don’t come tougher than those in Arjeplog, Sweden, and International Falls, USA, where – in the depths of winter – cars are ‘cold-soaked’ overnight in temperatures as low as -40ºC, before being expected to start faultlessly the following morning.



АҚШ-тың Финикс қаласын қоршап тұрған Аризонаның құрғақ шөлдерінде біздің автокөліктер 50 °C-қа дейінгі температурада өз мүмкіндіктері шегінде сыналады. Олардың аптап ыстыққа төзімділігі, сондай-ақ тежегіштерді салқындату және салондағы желдету жүйелерінің жұмысы дәл осылай тексеріледі. Боялған панельдер болса, жабынның оңып кету төзімділігін тексеру үшін үш жыл бойы ашық аспан астында жатады. Сонымен қатар біз Денвер қаласының маңындағы таулы жолдармен теңіз деңгейінен жоғары биіктікте жүру кезінде қозғалтқыш пен трансмиссия калибрлеуі қалай жұмыс істейтінін тексереміз.



«Биіктік қозғалтқыш пен беріліс қорабының өзара әрекеттесуіне әсер етеді, - дейді автоматты трансмиссиялармен жұмыс істеу бойынша аға менеджер Гед Пайбус. — Денвердің жанында теңіз деңгейінен 4350 м биіктікте орналасқан жолдар бар, Мехикода 2250 м биіктікте, ал Қытай, Үндістан және Оңтүстік Америкада 4700 м-ге дейінгі биіктікте жүруге болады. Қозғалтқыштардың жүріс-тұрысы сұйытылған ауа жағдайында айтарлықтай өзгереді, сондықтан трансмиссия мұны ескеруі және оның жұмысын сәйкесінше реттей алуы тиіс».



Сонымен қатар біз Таяу Шығыстағы сынақтарға инвестицияларды ұлғайттық және Дубайдың әл-Барша аумағында ғаламшарымыздағы еңсерілуі ең қиын құм төбелерінде жолдан тыс сапарларда кроссоверлердің жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін нысан салдық.



Біз автокөліктерді тек төтенше температурада ғана сынамаймыз. Төзімділік сынағы кезінде біздің түпүлгілеріміз Италиядағы 12,5 шақырымдық жоғары жылдамдықты Нардо айналма жолымен бір аптаға жуық уақытта ең жоғары дерлік жылдамдықпен 35 000 шақырым жүріп өтеді.

Jaguar F-PACE — төтенше ауа райы шарттарындағы климаттық сынақ

БАСҚА ДА ХИКАЯЛАР

ВИРТУАЛДЫ ЖОБАЛАУ

ВИРТУАЛДЫ ЖОБАЛАУ


Жарияланған күні: 18.08.2016

Біз жаңа өнімдерді әзірлеу мен жасаудың жылдам, тиімді және сенімді тәсілдерін ашатын озық виртуалды жобалау құралдары мен инновациялық технологияларға үлкен сомаларды инвестициялаймыз. Осының арқасында, Jaguar автокөліктері қауіпсіздіктің жоғарылауымен, беріктігімен және сенімділігімен ерекшеленеді.
СЫНАҚТАР

СЫНАҚТАР


Жарияланған күні: 18.08.2016

Жобалау, әзірлеу және өндіру жұмыстарының әр кезеңінде Jaguar автокөлігінің әрбір құрамдас бөлігі қауіпсіздік, беріктік және сапа тұрғысынан мыңдаған сынақтар мен тексерулерден өтеді. Бұл әр автокөліктің сенімділігінің, төзімділігінің және қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне кепілдік береді.
ҚАУІПСІЗДІК

ҚАУІПСІЗДІК


Жарияланған күні: 18.08.2016

Нағыз сенімді автокөлік — бұл сіздің баратын жеріңізге тез арада және артық машақатсыз жетуге көмектесетін көлік құралы ғана емес. Ол сапар кезінде сіздің қауіпсіздігіңізді де қамтамасыз етуі керек. Бұл Jaguar философиясының негізгі қағидаты.