ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІ ЗАРЯДТАУ

Jaguar электрмобилін немесе электр желісінен қосымша зарядталатын (PHEV) гибридті автокөлігін зарядтау өте оңай.

ЗАРЯДТАУҒА АРНАЛҒАН ЖАЛҒАҒЫШТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Jaguar толықтай электрлі және гибридті (PHEV) автокөліктерінде айнымалы және тұрақты токпен зарядтауға арналған құрылғылармен үйлесімді құрамдастырылған зарядтау жүйесі (CCS) қолданылады.

АЙНЫМАЛЫ ТОКПЕН ЗАРЯДТАУ

АЙНЫМАЛЫ ТОКПЕН ЗАРЯДТАУ

Автокөліктің құрамдастырылған зарядтау жүйесінің (CCS) жалғағышының жоғарғы бөлігі айнымалы ток желісінен зарядтау үшін қолданылады. Бұл жалғағыш 2-типті жалғағыш деп аталады және үйдегі зарядтау құрылғысымен, айнымалы ток желісінен қосымша зарядтаудың қоғамдық нүктелерімен және тұрмыстық штепсельді розеткалармен үйлесімді.
ТҰРАҚТЫ ТОКПЕН ЖЫЛДАМ ЗАРЯДТАУ

ТҰРАҚТЫ ТОКПЕН ЖЫЛДАМ ЗАРЯДТАУ

Автокөліктің құрамдастырылған зарядтау жүйесінің (CCS) жалғағышының төменгі бөлігі екі түйіспеге ие, олар жоғарыда орналасқан үш түйіспемен бірге тұрақты ток желісінен аккумуляторлық батареяны жылдам зарядтауды қамтамасыз етеді. Жалғағыштың төменгі қақпағын алып тастап, екі төменгі түйіспеге қол жеткізуге болады.

ЗАРЯДТАУ КАБЕЛЬДЕРІ

ТҰРМЫСТЫҚ РОЗЕТКАҒА АРНАЛҒАН ЗАРЯДТАУ КАБЕЛІ (2-РЕЖИМ)

ТҰРМЫСТЫҚ РОЗЕТКАҒА АРНАЛҒАН ЗАРЯДТАУ КАБЕЛІ (2-РЕЖИМ)

2-режимдегі қосымша зарядтауға арналған қосымша кабель автокөлігіңізді бір жағынан 2-типті жалғағыштың көмегімен және екінші жағынан штепсельді ашаның көмегімен тұрмыстық розеткаға қосуға көмектеседі.
ҚОҒАМДЫҚ СТАНЦИЯЛАРДА ЗАРЯДТАЙТЫН ЖӘНЕ ҚАБЫРҒА БЛОКТАРЫНА АРНАЛҒАН КАБЕЛЬ (3-РЕЖИМ)

ҚОҒАМДЫҚ СТАНЦИЯЛАРДА ЗАРЯДТАЙТЫН ЖӘНЕ ҚАБЫРҒА БЛОКТАРЫНА АРНАЛҒАН КАБЕЛЬ (3-РЕЖИМ)

Екі ұшында 2-типті жалғағыштары бар 3-режимде қосымша зарядтауға арналған кабель автокөлікті арнайы орнатылған үйдегі зарядтау құрылғыларына (қабырғалық блоктар) және айнымалы токтың қоғамдық зарядтау станцияларына қосуға мүмкіндік береді.

КІРІКТІРІЛГЕН КАБЕЛІ БАР ЖӘНЕ КАБЕЛІ ЖОҚ ҚОСЫМША ЗАРЯДТАУ НҮКТЕСІ

КІРІКТІРІЛГЕН КАБЕЛІ БАР ҚОСЫМША ЗАРЯДТАУ НҮКТЕСІ

КІРІКТІРІЛГЕН КАБЕЛІ БАР ҚОСЫМША ЗАРЯДТАУ НҮКТЕСІ

- Автокөлігіңіз зарядтау құрылғысының кіріктірілген кабелімен қосылады

- Тұрақты ток көзі бар жылдам зарядтау станциялары әрдайым кіріктірілген кабельдермен жабдықталады

- Үйдегі зарядтау құрылғылары кіріктірілген кабельдермен жабдықталуы мүмкін

КІРІКТІРІЛГЕН КАБЕЛІ ЖОҚ ҚОСЫМША ЗАРЯДТАУ НҮКТЕСІ

КІРІКТІРІЛГЕН КАБЕЛІ ЖОҚ ҚОСЫМША ЗАРЯДТАУ НҮКТЕСІ

- Айнымалы токтан қоғамдық зарядтау станциялары және кіріктірілген кабелі жоқ қабырғалық блоктар 3-режимнің кабелі қосылатын айнымалы токпен зарядтауға арналған жалғағышпен жабдықталған.

- Үйдегі зарядтау құрылғылары кіріктірілген кабельдермен жабдықталуы немесе онсыз орнатылуы мүмкін

JAGUAR IGUIDE ҚОЛДАНБАСЫ: Jaguar iGuide қолданбасы

Jaguar iGuide қолданбасы* Jaguar электрмобиліңіздің негізгі сипаттамалары мен басқару элементтерін іздеуді және түсінуді жеңілдетеді. Осы мобильді нұсқаулықпен сіз өзіңіздің автокөлігіңізді зарядтау туралы кез келген сұраққа жауап таба аласыз.
JAGUAR IGUIDE ҚОЛДАНБАСЫ: Jaguar iGuide қолданбасы

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК ЖӘНЕ ГИБРИДТІ JAGUAR АВТОКӨЛІКТЕРІ

Марканың толықтай электрлі және гибридті модельдерінің модельдік қатарымен танысып, өзіңіз үшін Jaguar электрмен жабдықталған автокөліктерінің әлемін ашыңыз.
ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК ЖӘНЕ ГИБРИДТІ JAGUAR АВТОКӨЛІКТЕРІ

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ

ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ

Үй жағдайында сіздің толығымен электрлік немесе гибридті автокөлігіңізді қосымша зарядтау — күніңізді максималды заряд деңгейімен бастаудың ең ыңғайлы тәсілі.
ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ

Қоғамдық зарядтау станцияларының үнемі өсіп жатқан желісі үйден тыс зарядтауды барынша ыңғайлы етеді.

Jaguar Land Rover Limited компаниясы үнемі автокөліктерінің сипаттамаларын, дизайны мен өндірісін, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын жетілдіруге тырысады. Біз алдын ала хабарламай, өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз.

*Тек қана үйлесімді смартфондарға қолдау көрсетіледі.