Монте-Карлоның таңдаулы ортасында төрт есікті Jaguar GT моделінің атауы мен әсерлі силуэті алғаш рет көпшілікке таныстырылды.

Аңызға айналған айлақ маңындағы қасиетті көше трассасында Type 01 көркем жамылғыға оранды. Ірі ауқым, ұзын капот және ерекше пропорция — осы жылдың соңында болатын ресми таныстырылымның айқын жаршысы.

Бұл тек Jaguar-ға тән

Type 01 атауы көліктің өзіне тән Strikethrough сызығында көрсетілді. «Type» атауы біздің тегімізден сыр шертеді — бұл өршіл дизайн, шынайы қуат пен ерекше жайлылықты ұштастырған аңыз көлік мұрасының жалғасы. «0» саны зиянды қалдықтар шықпайтынын және әрқашан алға ұмтылуды білдіреді. Ал «1» саны — Jaguar-дың әсерлі туындысының жаңа буынындағы алғашқы көлік екенінің белгісі.

Жарыс жолынан кәдімгі жолға

Әлем чемпионы Jaguar TCS Racing командасы Formula E жарысының ең сәнді кезеңіне дайындалып жатқанда, бұл демалыс Type 01-ді Jaguar тарихындағы ең озық әрі қуатты сериялық көлік ретінде таныстыруға таптырмас мүмкіндік болды. Тректе сыналған электрлі қозғалыс жүйесі бірегей пропорциямен және төмен ауырлық орталығымен үйлесіп, теңдессіз люкс кластағы Grand Tourer-ді құрайды. Jaguar рухына сай, Type 01-ді басқару оның сыртқы келбетіне тамсанғанмен бірдей әсер береді.

Шабыттаныңыз

Бұл бастамасы ғана. Поштаңызға өнімнің шығу күндерін, оқиғалар және коллаборациялар туралы хаттар алыңыз.

Jaguar қолданбасы.

Бірегей Jaguar әлемі. Басымдықпен кіру. Түпнұсқа материалдар. Жаңа мүмкіндіктер.
Бұрын бірегей. Қазір қайталанбас.

Бұрын бірегей. Қазір қайталанбас.

Егер бірегейлік ДНҚ-да болса, бұл өмірлік.
Жаңа дәуір

Жаңа дәуір

Әдеттегіден бас тартыңыз. Батыл болыңыз. Ештеңені көшірмеңіз.

Өндіріске дейінгі модель көрсетілген. Сипаттамалары түрленуі мүмкін.