Jaguar автокөлігін зарядтаудың еш қиындығы жоқ. Бұл процесс туралы осыны білсеңіз болғаны.
Зарядтау станциясына қосылу үшін Jaguar электрлі автокөліктері аралас зарядтау жүйесімен (CCS) жабдықталған. Ол айнымалы токпен баяу зарядтауға, сондай-ақ тұрақты токпен жылдам зарядтауға мүмкіндік береді (кейбір модельдерде). Кейбір басқа автокөлік өндірушілері зарядтау үшін басқа жүйелерді пайдаланады, мысалы, CHAdeMO. Олар сирек кездеседі және Jaguar қосылатын гибридтерімен үйлесімді емес.
Jaguar iGuide және Jaguar Remote қолданбалары кез келген уақытта автокөліктің негізгі басқару элементтері мен функцияларына жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.1.
Кәсіби түрде орнатылған үйден зарядтау құрылғысы – электрмобильдер мен гибридтерді зарядтаудың ыңғайлы және үнемді әдісі. Сонымен қатар күн сайын электр қуатын тиімді пайдаланудың бірнеше жолы бар.
1Тек үйлесімді смартфондар үшін. Қолжетімділік пайдаланылатын мобильді желіге, сигнал деңгейіне және клиенттің есептік жазбасына байланысты. Мобильді деректер желісі немесе Wi-Fi қажет.