JAGUAR СҮЙРЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Спорттық сипаттамалар, жоғары тарту күші.
JAGUAR СҮЙРЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

БЕРІКТІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Қайықты жергілікті кемежайға сүйреп апарсаңыз да, Көкшіл жағалау бойымен дөңгелекті үйді пайдаланып саяхаттасаңыз да, сіз әрдайым Jaguar ұсынатын жоғары тарту күші мен траекторияны тұрақтандырудың оңтайландырылған жүйелеріне сене аласыз, олар сапарларыңызды бұрынғыдан да қауіпсіз, оңай және тартымды етеді.

JAGUAR СҮЙРЕУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ*

ЭЛЕКТРЖЕТЕКПЕН СЫРТҚА ШЫҒАТЫН СҮЙРЕУ ҚҰЛАҚШАСЫ

ЭЛЕКТРЖЕТЕКПЕН СЫРТҚА ШЫҒАТЫН СҮЙРЕУ ҚҰЛАҚШАСЫ

- Пайдаланылмаған кезде артқы бампердің артына көрінбей орналасады
- 12 секундта сыртқа шығарылады
- Артқы жүксалғыш бөлімінен немесе ақпараттық ойын-сауық жүйесі арқылы басқарылады
- Сүйреу құрылғысына арналған кіріктірілген 13 контактілі электр ағытпаны қамтиды
- Сүйрелетін жүктің рұқсат етілетін максималды салмағы — 3500 кг** Максималды тарту күші.
- 200 кг*** Тігінен түсетін максималды жүктеме
- Тіркеменің жарық аспаптарын тексерудің бірегей жүйесін қамтиды
АЛМАЛЫ СҮЙРЕУ ҚҰЛАҚШАСЫ

АЛМАЛЫ СҮЙРЕУ ҚҰЛАҚШАСЫ

- Орнату қолайлылығы мен жеңілдігі
- Тарту-ілінісу құрылғысының шары — 50 мм
- Сүйрелетін жүктің рұқсат етілетін максималды салмағы — 3500 кг** Максималды тарту күші.
- 195 кг*** Тігінен түсетін максималды жүктеме
- Сүйреу құрылғысына арналған электр ағытпаны қамтиды

JAGUAR АВТОКӨЛІГІҢІЗДІҢ СҮЙРЕУ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

JAGUAR F-PACE

JAGUAR F-PACE

Қолайлылықпен және үнемділікпен ерекшеленетін сәнді және қуатты SUV.

Тарту күші: 2400 кг дейін
Тарту-ілінісу құрылғысына тігінен түсетін максималды жүктеме: 175 кг дейін
JAGUAR E-PACE

JAGUAR E-PACE

Jaguar ұсынатын ықшам SUV — бұл керемет көріністің, маневрліліктің және динамиканың ерекше үйлесімі.

Тарту күші: 1800 кг дейін
Тарту-ілінісу құрылғысына тігінен түсетін максималды жүктеме: 100 кг дейін
JAGUAR I-PACE

JAGUAR I-PACE

Алғашқы толық электрлік SUV көлігімізді ұсынамыз.

Тарту күші: 750 кг дейін
Тарту-ілінісу құрылғысына тігінен түсетін максималды жүктеме: 45 кг дейін
JAGUAR XE

JAGUAR XE

Ең заманауи, тиімді және әсем спорттық седанымыз.

Тарту күші: 1800 кг дейін
Тарту-ілінісу құрылғысына тігінен түсетін максималды жүктеме: 75 кг дейін
JAGUAR XF

JAGUAR XF

Дара дизайны, керемет динамикасы және ең заманауи технологиялары бар сәнді бизнес-седанымыз.

Тарту күші: 2000 кг дейін
Тарту-ілінісу құрылғысына тігінен түсетін максималды жүктеме: 100 кг дейін
JAGUAR АКСЕССУАРЛАРЫ

JAGUAR АКСЕССУАРЛАРЫ

Jaguar автокөлігіңіздің стилін, дизайны мен мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектесетін аксессуарлармен танысыңыз.

JAGUAR СҮЙРЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

ТІРКЕМЕ СҮЙРЕУ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕСІ

Артқа жүрген кезде тіркеменің бағытын алдын ала көрсетіп отыратын инновациялық функция. Тіркеменің еніне сәйкес орнатуға болатын бағыттауыштар ақпараттық ойын-сауық дисплейінде қажетті траекторияны көрсете отырып бейнеленеді.

ТІРКЕМЕ ТІРКЕУ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕСІ

Бұл функция сүйреу құлақшасын тіркемеге дәл тіркеуге көмектеседі. Экранда тарту-ілінісу құрылғысының шарын және автокөліктің болжалды жолын көрсететін түрлі түсті графика көрсетіледі.

АЙНАЛА ШОЛУ ЖҮЙЕСІ

Жүйе алдыңғы бамперде, артқы көрініс айналарының астыңғы жағында және жүксалғыш есігін көтеру тұтқасында орналасқан және қоршаған кеңістіктің бейнесін 360° мәніне жуық шолумен ақпараттық ойын-сауық дисплейіне беретін бес камерадан тұрады.
  • Jaguar сүйреу жүйелерінің Jaguar автокөліктерінің бәрімен бірдей үйлеспейтініне назар аударыңыз. Нақты модельдердің үйлесімділігін жергілікті дилерден анықтап біліңіз.

** Сүйреу мүмкіндігі күштік қондырғыға байланысты

*** Тігінен түсетін максималды жүктеме күштік қондырғыға және дөңгелектерге байланысты