JAGUAR F-PACE АВТОКӨЛІГІНЕ ШОЛУ

JAGUAR F-PACE АВТОКӨЛІГІНЕ ШОЛУ

КҮШТІ ПРОПОРЦИЯЛАР

Әсерлі сұлба фирмалық оюы бар мәнерлі радиатор торымен айшықталып көрсетіледі.

Опция ретінде ұсынылатын Pixel LED технологиясы және күндізгі жүріс жарығының фирмалық жиектемесі бар жарықдиодты фаралар барлық жол жағдайларында көбірек көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

F-Pace 24MY
КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ

ЖАРЫҚ ПЕН СЫРБАЗДЫҚ

Төбедегі үлкен панорамалық люк ықшам интерьерді табиғи жарыққа толтырады. Windsor былғарысымен тысталған спорттық орындықтар ымырасыз динамика мен жайлылық сезімін күшейтеді.
КОНФИГУРАТОР

ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТІ ДИНАМИКА

Интеллектуалды технологиялармен және Jaguar толық жетек жүйесімен бірге қозғалтқыштардың ауқымды желісі автокөлікке ымырасыз динамика береді.

Қосылмалы гибридті жетегі бар Jaguar F-PACE электрлі тарту күшімен 65 км-ге дейін жол жүреді.

ҚОЗҒАЛЫС РЕЖИМІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТАҢДАУ

Гибридті режим оңтайлы тиімділікті қамтамасыз етеді. Ауасы таза қала аймақтарымен жүруге мінсіз сай келетін электржетек режимінде пайдалана алуыңыз үшін энергия үнемдеу режимі аккумулятор батареясының зарядын сақтайды.
ЭЛЕКТРЛЕНДІРІЛГЕН ҚОР
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЗАРЯДТАҒЫШ

СИПАТТАМАЛАРЫ

0–100 км/сағ

4,0секунд

100 км/сағ-қа дейін жылдамдықты 3,8 с-та үдету — Jaguar F-PACE P550.

МАКСИМАЛДЫ ҚУАТЫ

575А. К.**

400 кВт — Jaguar F-PACE P575.

CO2 (БАСТАП)

37г/км**

Электржетекпен жүру кезінде шығарындылар жоқ.

ЖҮКСАЛҒЫШ ӨЛШЕМДЕРІ

1.842 л

Jaguar F-PACE P250 жүксалғыш көлемінің мәні кеңістікке сұйықтық толтыруды үлгілеу арқылы алынды.

АЙҚЫН БАСҚАРЫМДЫЛЫҚ

Жолдың кез келген бұрылыстарына дайын болыңыз. Jaguar F-PACE үшін опция ретінде қолжетімді Adaptive Dynamics жүйесі оңтайлы жүріс сипаттарын қамтамасыз ету үшін аспаның, беріліс қорабының және руль механизмінің жұмысын автоматты түрде ауыстырады. Сипаттамаларды жүргізу стиліне бейімдеуге мүмкіндік беретін Configurable Dynamics жүйесінің арқасында бақылауды толықтай өз қолыңызға алыңыз.

КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ СЕНІМДІЛІК

Толық жетек жүйесі модельдің стандартты жабдығына кіреді, сондықтан кез келген жағдайда көлік тізгінінде сенімділікті сезінетін боласыз. Қосымша төлемақыға алдыдағы жол жабынын талдайтын және оңтайлы тартуды қамтамасыз ететін Adaptive Surface Response (AdSR) жүйесі қолжетімді.

СЕЗІКТІ АЛҒЫРЛЫҚ

Игілігіңізге пайдалануға қолжетімді технологиялар спектрінің арқасында артық күш жұмсамай-ақ қосылыстың орнатылатынына сенімділік.

ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ

Толықтырылған шындық технологиясы зейініңізді көлік жүргізуге шоғырландыруға көмектеседі. Опция ретіндегі 12,3 дюймдік аспаптар тақтасын (IDD) және проекциялық дисплейді1 тек қажетті ақпарат қана шығарылатындай етіп, жүргізушінің қалауына сәйкес баптауға болады.

СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Үйлесімді құрылғыларды орталық консольде орналастырылған сымсыз зарядтағыштың көмегімен зарядтаңыз.

САЛОНДАҒЫ АУАНЫ ТАЗАРТУ

Опция ретінде ұсынылатын салондағы ауаны тазалау жүйесі шаңды және өсімдік тозаңдарын кетіреді.

DRIVER ASSIST ОПЦИЯЛАР ПАКЕТІ

Jaguar руль көмекшісімен бірге бейімделетін круиз-контроль сапарларды әлдеқайда жағымды етеді.

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

МОДЕЛЬДЕР

МОДЕЛЬДЕР

Барлық қолжетімді жинақтамамен және сипаттамамен танысыңыз.
ШОЛУ

ШОЛУ

Jaguar фирмалық стиліндегі теңдесі жоқ әмбебаптық.

Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO шығарындылары2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

1Опция. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
2Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, оны Jaguar ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және сатылу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функция үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Жүргізушіге қауіпсіз болған жағдайда ғана мультимедиалық функцияларды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl жүйелері, опциялар, басқа жеткізушілердің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты болады. Толық ақпарат алу үшін өз өңіріңіздегі Jaguar дилеріне хабарласыңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін. Amazon, Alexa және оларға байланысты барлық логотип Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері болып табылады. Alexa-ның белгілі бір функциялары ақылды үй технологияларына байланысты болады. Amazon Alexa пайдалану үшін Amazon тіркеу жазбасы қажет.

MeridianТМ аудиожүйесі — Meridian Audio Ltd компаниясының тіркелген сауда белгісі. Trifield. Three fields құрылғысы – Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.