ҚЫСҚЫ ДӨҢГЕЛЕК ДИСКІЛЕРІ МЕН ШИНАЛАРЫ

ҚЫСҚЫ ДӨҢГЕЛЕК ДИСКІЛЕРІ МЕН ШИНАЛАРЫ

ҚАТАҢ ЖАҒДАЙЛАРДА СЫНАЛҒАН

Approved мәртебесі бар Jaguar түпнұсқа қысқы дөңгелек дискілері мен шиналарын назарларыңызға ұсынамыз.


Approved мәртебесіне ие болу үшін олар әлемдегі ең қатаң климаттық жағдайлардың бірінде суықпен және ылғалмен экстремалды сынақтардан өтті. Сол себепті қыс оларға ешқандай қиындық туғызбайды.

ДЫМҚЫЛ ТАС ЖОЛДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ СЫНАҚТАР

Тіпті нөсер жауын кезінде де жабынмен барынша ықтимал ілінісуді қамтамасыз ету үшін.

ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ СЫНАҚТАР

Тіпті 100% салыстырмалы ылғалдылықта дөңгелектеріміздің −40 °C-тан 80 °C-қа дейінгі температураларға төзе алатынын дәлелдеу үшін.

ЖИЕКТАСҚА МІНУ АРҚЫЛЫ СЫНАУ

Дөңгелектердің кездейсоқ соққыларға төзетініне және құрылымдық бүтіндігін сақтайтынына көз жеткізу үшін біз оларды 40 км/сағ жылдамдықпен биіктігі 150 мм жиектасқа міну арқылы сынап көрдік.

ДӘЛЕЛДЕНДІ: АНАҒҰРЛЫМ ТИІМДІ ТЕЖЕЛУ

Суық және жаңбырлы ауа райында тез тежелу және автокөлікті бақылауда ұстап қалу мүмкіндігі ерекше маңызды. Қысқы жағдайларда біздің жаздық шиналарымызбен салыстырғанда Jaguar Approved қысқы шиналарының тежеу жолын айтарлықтай қысқартуға ықпал ететіні дәлелденді (мұз басқан жолда 60 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен қозғалғанда 64 %-ға дейін)*.


Сондықтан күн суыған кезде автокөлігіңізді сеніммен бақылауда ұстауды жалғастыра аласыз.

ЕО МАҚҰЛДАҒАН

Jaguar Approved қысқы шиналарының ЕО стандарттары бойынша екі сапа таңбаламасы бар: «M+S» жазуы және үш шыңы бар таулар және қар ұшқыны түріндегі 3PMSF (3-Peak Mountain Snow Flake) белгісі. Олар шиналардың қолайсыз ауа райы жағдайларында пайдалануға жарамдылығын білдіреді.

Шина қапталындағы «M+S» таңбаламасы бұл модельдің Jaguar түпнұсқа спецификациясының шиналарымен салыстырғанда дымқыл және сырғанақ жолдарға анағұрлым жақсырақ жарайтынын көрсетеді.
«M+S» (MUD + SNOW) ТАҢБАЛАМАСЫ
3PMSF (3-PEAK MOUNTAIN SNOW FLAKE) ТАҢБАЛАМАСЫ

БІЗДЕН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ

Өз автокөлігіңізге арналған қысқы дөңгелек дискілері мен шиналарын сенімді түрде іріктеп алыңыз. Бізге бүгін келіңіз.

АКСЕССУАРЛАР

Автокөлігіңізге арнап әзірленген аксессуарлардың ауқымды ассортиментімен өз Jaguar-ыңызды дербестендіріңіз.

* Сынақтардың нәтижелері тегіс мұздың үстінде 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалған кездегі F-PACE автокөлігіне орнатылған жазғы және қысқы шиналарды салыстыруға негізделген.