Жергілікті Range Rover / Defender / Discovery дилерлері техникалық қызметті ұсына ала ма?
Біздің барлық дилерлеріміз Jaguar өнімдеріне қатысты қызмет көрсетуді жалғастырады, барлық кепілдік талаптарды орындап, бағдарламалық құралдардың жаңартылуын қамтамасыз етеді және тұтынушыларға қолдау көрсетуді сапалы орындайды. Жергілікті дилерді осы жерден таба аласыз.
Jaguar көлігіме қажетті қосалқы бөлшектер қолжетімді бола ма?
Біз сіздің барлық техникалық қызмет көрсету және жөндеуге қатысты талаптарыңызды қанағаттандыруға тырысатын боламыз. Толық ақпаратты жергілікті дилерден алыңыз.
Jaguar көлігім үшін бағдарламалық жасақтамаларға қатысты жаңартулар қолжетімді бола ма?
Иә. Жаңартулар қолжетімді болған кезде көлігіңізге жіберіледі - бұл ұрлыққа қарсы соңғы шараларды қамтиды.
Менің кепілдік және/немесе қызмет көрсету жоспарым әлі де жарамды бола ма?
Иә, кепілдікке, кеңейтілген кепілдікке және/немесе қызмет көрсету жоспарына ешқандай шектеулер болмайды. Сіздің қызмет көрсету жоспарыңызды Jaguar көліктеріне қызмет көрсететін кез келген дилерде пайдалануға болады.
Өзімнің Jaguar көлігіме керек-жарақтарды әлі сатып ала аламын ба?
Сіздің Jaguar көлігіңізге қажетті жүктасығыштар немесе шатыр қораптары секілді керек-жарақтарды қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Толық ақпаратты осы жердегі жергілікті дилерден ала аласыз.
Әлі де кеңейтілген кепілдікті сатып ала аламын ба және/немесе қызмет көрсету жоспарымды жаңарта аламын ба?
Jaguar клиенттерге қолдау көрсетуге және иеленудің ерекше тәжірибесін ұсынуға тырысады. Кеңейтілген кепілдіктер мен қызмет көрсету жоспарларын жергілікті дилерден сатып алуға болады. Жергілікті дилерді осы жерден табыңыз.