JAGUAR XE

JAGUAR XE

Жаңа түсініктегі спорттық седан.
КОНФИГУРАТОР

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Jaguar XE моделінің атлетикалық мүсіні оның стилін айшықтап, шын мәнінде назарды жаулайды.

Көру үшін басыңыз

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Сізге және жолаушыларыңызға деген ерекше қамқорлықпен жасалған сәнді интерьер.

ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ

ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ

Кокпит стиліндегі интерьер асқан жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді. DuoLeather былғарысымен қапталған анатомиялық орындықтардан ләззат алыңыз немесе Windsor былғарысының сән-салтанатын таңдаңыз.
САЛОННЫҢ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

САЛОННЫҢ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

Салонның премиум-класты жарықтандырылуы Jaguar XE ішіндегі ахуалды толық бақылауға мүмкіндік береді: реңктердің алуан түрі сізге мінсіз көңіл күй орнатуға көмектеседі.
ДИЗАЙН ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ДИЗАЙН ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Jaguar SportShift селекторы, JaguarDrive Control жүйесі және көтеріңкі орталық консоль спорттық Jaguar XE табиғатын сомдайды.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ӨНІМДІЛІК

ӨНІМДІЛІК

Өзінің динамикалық басқарылуымен белгілі Jaguar XE үздік технологиялар мен жүргізу функцияларының арқасында жақсартылған. Керемет сапарға дайындалыңыз.
ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Түйсікпен түсінілетін Pivi ақпараттық ойын-сауық жүйесінің арқасында сізге Jaguar XE көлігінде қарапайым және ыңғайлы технологиялар қолжетімді.
ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

Жүргізушіге көмек функциялары сапарларды жеңіл әрі қауіпсіз етеді, ал әмбебап багаж бөлімшесінде барлық қажетті нәрселер орналасқан.

ЖИНАҚТАМАНЫ ТАҢДАҢЫЗ

Jaguar XE модельдері ішінен өзіндік тиімділік, өнімділік пен сән-салтанаттың теңгерімін табыңыз.

XE S

XE S

• 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері
• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары мен фаралардың шалғай жарығын автоматты түрде басқару жүйесі бар премиум-класты жарықдиодты фаралар
• Электржетекті 12 позициялы алдыңғы орындықтары және 2 позициялы қолмен бапталатын бассүйегіштері ұсақ тесікті DuoLeather материалымен қапталған
• 10 дюймдік сенсорлық экраны бар Pivi ақпараттық ойын-сауық жүйесі
• Apple CarPlay және Android Auto®1 сымсыз жүйелеріTM2
XE R-DYNAMIC SE

XE R-DYNAMIC SE

• 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері
• Жылытылатын, электржетекті, жию функциясы, баптаулар жады, жайлы жарығы бар және жүргізуші жағынан автоматты түрде күңгірттелетін бүйірлік айналар
• Автоматты күңгірттелетін ішкі артқы көрініс айнасы
• Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі3 10 дюймдік сенсорлық экранмен жабдықталған
• Meridian™акустикалық жүйесі
XE R-DYNAMIC HSE

XE R-DYNAMIC HSE

• 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер
• Gloss Grey Figured Ebony буаты
• Электржетекті 16 позициялы алдыңғы спорттық орындықтар және 2 позициялы қолмен бапталатын бассүйегіштері ұсақ тесікті Windsor материалымен қапталған және жүргізушіге арналған баптаулар жады бар
• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары бар матрицалық жарықдиодты фаралар
• Meridian™акустикалық жүйесі
XE R-DYNAMIC BLACK

XE R-DYNAMIC BLACK

• 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер
• Қара жылтыр жиектемесі, бүйірлік желдету тесіктері және терезе жиектемелері бар қара жылтыр радиатор торы
• Қара бүйірлік бірегей табалдырықтар және сыртқы айналардың корпустары
• Премиум-класты интерьер жарықтандырылуы
• АудиожүйеТМ Meridian
XE 300 SPORT

XE 300 SPORT

• 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер
• 300 sport эмблемасы
• Электржетекті 12 позициялы алдыңғы спорттық орындықтар және 2 позициялы қолмен бапталатын бассүйегіштері ұсақ тесікті DuoLeather материалымен қапталған және жүргізушіге арналған баптаулар жады бар
• Black шанақ әрлеу пакеті және қара контрастылы төбе
• Артқы есіктегі спойлер

JAGUAR XE 300 SPORT

Толық пакет. Керемет өнімділік және мінсіз стиль.

ЖАҢА ДҮНИЕНІ АШЫҢЫЗ

JAGUAR XE МОДЕЛЬДЕРІ

JAGUAR XE МОДЕЛЬДЕРІ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.
СИПАТТАМАЛАРЫ

СИПАТТАМАЛАРЫ

Сандар мен фактілер.
ГАЛЕРЕЯ

ГАЛЕРЕЯ

Jaguar XE суреттерін көріңіз.


Көрсеткіштер Еуро-6 экологиялық стандарты бар Еуропа нарықтары үшін келтірілген. Басқа нарықтар үшін отын шығынының көрсеткіштерін тиісті аймақтағы ресми дилерден алуға болады


††
Келтірілген деректер ЕО заңнамасына сәйкес өндірушінің ресми сынақтарының нәтижесінде алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындысының деңгейіне және отын шығынына келесі факторлар әсер етеді: өмір салты, қоршаған орта жағдайы, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер мен қосымша жабдық.

1Автокөлігіңізде Apple CarPlay жүйесін пайдалануға болады. Apple CarPlay ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты болады, толығырақ ақпаратты мына сайттан қараңыз https://www.apple.com/me/ios/feature-availability/#apple-carplay.

2Автокөлігіңізде Android Auto жүйесін пайдалануға болады. Android Auto ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты болады, толығырақ ақпаратты мына сайттан қараңыз https://www.android.com/auto/.

3Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Jaguar ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.

4Нарыққа байланысты.


Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және өткізу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.


Жүргізушінің мультимедиалық функцияларды қолдануына бұл қауіпсіз болған кезде ғана рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.


Pivi және InControl функциялары, опциялар, бөгде жеткізушілердің қызметі және олардың қолжетімділігі — жергілікті нарықта бар-жоғын және барлық талаптарды өзіңіздің Jaguar дилеріңізден нақтылаңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін. Amazon, Alexa және оларға байланысты барлық логотиптер Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері болып табылады. Alexa-ның белгілі бір функциялары ақылды үй технологияларына байланысты болады. Amazon-ды пайдалану үшін Alexa Amazon тіркеу жазбасын талап етеді.


MeridianТМ Meridian — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі және Three fields құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.


Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының сауда белгісі. Apple Inc. компаниясының соңғы пайдаланушы талаптары қолданылуы мүмкін.


Android Auto — Google LLC компаниясының сауда маркасы.