JAGUAR ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ

JAGUAR ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ

ЕҢ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАР, ЕҢ СЕНІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Jaguar өз міндеттемелерін қатаң сақтап, олардың өзгермейтіндігін және оларға адалдығын растайды. Автосалоннан шыққан кезде әрдайым сізді қорғайтын және көлік жүргізу тәжірибеңізді жақсартып, кеңейтетін тәжірибемізге сене аласыз. Сондықтан клиенттік қызмет біз үшін өте маңызды – өйткені сіз біздің қамқорлығымызды әрқашан сезініп, ұзақ уақыт бойы Jaguar клиенті болып қалғаныңызды қалаймыз.

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Jaguar дилеріне хабарласқаннан кейін бірден Сіз жоғары білікті және жақсы оқытылған мамандардың қолына тап боласыз. Ең заманауи Jaguar диагностикалық жабдықтарын пайдалана отырып, сервистік қызмет мамандары Jaguar автокөлігіңіздің күйін бағалайды және арнайы әзірленген құралдарды пайдалана отырып, барлық қажетті жөндеу жұмыстарын орындайды. Автокөлік жөндеуді қажет етсе, біз тек Jaguar маркасының мақұлданған түпнұсқа бөлшектерін қолданамыз. Қызметтерді брондау кезінде біздің басты міндетіміз ұтқырлықты қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан біз қызметтердің толық жиынтығын ұсынамыз, соның ішінде трансфер, премиум такси, автокөлікті таңдаған жеріңізге жеткізу, күту кезінде қызмет көрсету немесе ауыстырылатын автокөлік.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖОСПАРЛАРЫ

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖОСПАРЛАРЫ

Jaguar руліне отыру – бұл сіздің автокөлігіңізге қызмет көрсету белгіленген бағамен ұсынылатын таңғажайып жоспарға сәйкес жүзеге асырылса, сіз одан да көп ләззат алатын ерекше сезім. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі сіздің Jaguar инвестицияңызды қорғайды, оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді және өндірушінің кепілдік талаптарын сақтауға көмектеседі. Қосымша ақпаратты Jaguar дилерінен алыңыз.
JAGUAR ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК*

JAGUAR ЖОЛДАҒЫ КӨМЕК*

Jaguar жол үстіндегі көмек бағдарламасы тіпті автокөлігіңіз қандай да бір себепке байланысты тоқтап қалса да, жол үстінде толық тыныштықты кепілдендіреді. Шинаның тесілуі, бұзылу немесе апат — қандай жағдай болса да, біз көмекке келеміз. Бағдарлама Jaguar автокөлігіңіздің стандартты және кеңейтілген кепілдігінің бүкіл мерзімінің барысында әрекет етеді. Тәжірибелі және елгезек қызметкерлер жұмыс істейтін Jaguar жол үстіндегі көмек ақпарат орталығы жылына 365 күн тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді.

* Әртүрлі нарықтардағы шарттар әртүрлі болуы мүмкін, толық ақпарат алу үшін өз дилеріңізге хабарласыңыз.
КЕПІЛДІК

КЕПІЛДІК

Сіздің жан тыныштығыңыз үшін біз стандартты ретінде Jaguar кешенді кепілдігін ұсынамыз, бес жылға дейін немесе 150 000 км жүріп өткенге дейін толық кепілдік беріледі ол өндірістік ақау нәтижесінде қажет болатын жөндеуді қамтиды. Осылайша Jaguar әрдайым ең сенімді қолдардың қамқорлығында болады. Сонымен бірге Jaguar автокөлікке иелік ету құнын төмендетуге мүмкіндік беретін және сіздің күтуіңіз мүмкін барлық кепілдіктерді қамтамасыз ететін кеңейтілген кепілдікті де ұсынады. Jaguar кеңейтілген кепілдігін сатып алу туралы толық ақпарат өзіңіздің Jaguar дилеріңізде қолжетімді.
TOTAL CARE ҚОЛДАНБАСЫ

TOTAL CARE ҚОЛДАНБАСЫ

Jaguar Total Care қолданбасы — клиенттердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған тәулік бойы әмбебап сервис. Техникалық көмек қызметіне жүгіну, GPS-навигация жүйесіне арналған ақпарат, жаңа керек-жарақтарды, жақын жердегі шоурумды іздеу немесе сервистік қызмет көрсетуге жазылу — осының бәрін жай ғана түймелерді басу арқылы Jaguar ұсынған Total Care қолданбасында жасауға болады. Автокөлікті иеленуден көбірек ләззат алу үшін тегін қолданбаны жүктеп алыңыз. Google Play және iTunes App Store дүкендерінде қолжетімді.
ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАРИХЫ

ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАРИХЫ

Сіздің автокөлігіңізге қызмет көрсету тарихы нақты уақыт режимінде қолжетімді, қорғалған деректер базасында сақталатын және жаңартылып отыратын болады. Бұл сату алдындағы қарап тексеруге, сервиске барлық жоспарлы келулерге, ілеспе қызметтерге және шанақты қарап тексерулерге қатысты.

СІЗДЕ ЭЛЕКТРЛІК JAGUAR БАР МА?

Электржетегі бар автокөліктерге қолжетімді мүмкіндіктерді қолданыңыз және электрмобильді үйде және сапарларда зарядтауға қажетті қарапайым қадамдарды зерттеңіз.
СІЗДЕ ЭЛЕКТРЛІК JAGUAR БАР МА?