INCONTROL

INCONTROL

INCONTROL TOUCH PRO БАПТАУЫ

Орнату үшін InControl Touch Pro сізге мыналар қажет: InControl Touch Pro, InControl Connect Pro micro SIM картасы және деректерді беруді қолдайтын тарифтік жоспар.

БАЙЛАНЫСТЫ ҚОСУ

Pro Services жүйесімен жабдықталған автокөліктерде тиісті сервистердің толық жинақтамасын іске қосу үшін тек байланыс орнату қажет. Оталдыру жүйесі өшіп қалмау үшін қозғалтқыштың қосылғанына және жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

1-ҚАДАМ

1-ҚАДАМ

Алдымен сізге SIM Card Installation парақшасында берілген нұсқаулықтарға сәйкес Micro SIM картасын орнату керек болады.
2-ҚАДАМ

2-ҚАДАМ

Жалпы баптау мәзірінен автокөлікті қосу баптауына кіріп, мобильді байланыс арнасымен деректерді беруді қосыңыз. Кез келген экранда «Баптау» пиктограммасын таңдаңыз > Барлық баптау > Функциялар > Байланыс > Мобильді деректерді беру функциясын ҚОСУ.
3-ҚАДАМ

3-ҚАДАМ

Байланыс сәтті орнатылғаннан кейін сенсорлы экранның жоғарғы бұрышында 3G немесе Wi-Fi белгісі пайда болады. Интернет желісіне қосылу үшін сигналдың күшіне қарай 2 минутқа дейінгі уақыт қажет ететініне назар аударыңыз.

НАВИГАЦИЯҒА АРНАЛҒАН есептік ЖАЗБАҢЫЗ

ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ЖАСАУ

ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ЖАСАУ

Есептік жазбаны жасағаннан кейін, сіз Touch Pro навигация жүйесінің басты терезесінде «Кіру» пәрменін таңдау арқылы навигация жүйесіне тіркеле аласыз.   Сонымен бірге келу уақытын хабарлау, деректердің бұлтты қоймасы немесе есіктен есікке дейін жеткізу бағытын құру сияқты кейбір функцияларды пайдалану үшін тіркелу қажет болады.   ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ТАЛАПТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ Жаңа есептік жазбаны тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сізге навигация жүйесін пайдалану ережелері мен талаптарын қабылдау ұсынылады, сіз берілген URL мекенжайын браузерге енгізіп, оларды көре аласыз.  
JAGUAR КӨЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ROUTE PLANNER ҚОЛДАНБАСЫН ЖҮКТЕП АЛУ

JAGUAR КӨЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ROUTE PLANNER ҚОЛДАНБАСЫН ЖҮКТЕП АЛУ

Смартфонға арналған InControl Route Planner қолданбасы Jaguar көлігіңізге арналған InControl Touch Pro навигациясы жүйесінің әлеуетін арттырады. Есіктен есікке дейінгі бағытты құруға мүмкіндік береді. Смартфон арқылы межелі орынды белгілеңіз, функция автокөлікке дейін бағытты анықтайды, бұл жерде навигация жүйесі нұсқау беруді жалғастырады. Көлікті тұраққа қойғаннан кейін, қайтадан смартфондағы функцияларға жүгінсеңіз болады. Ол бағыттың соңғы нүктесіне дейінгі қоғамдық көлік туралы және жаяу жүргіншілер жолдары туралы ақпарат береді. Смартфондағы қолданбаға кіру үшін электрондық мекенжай мен автокөлігіңіздің навигация жүйесінде InControl Touch Pro тіркелгісіне қойған парольді пайдаланыңыз.
INCONTROL ROUTE PLANNER-ге КІРУ

INCONTROL ROUTE PLANNER-ге КІРУ

InControl Route Planner бағытты жоспарлауға, межелі орындар мен жерлерді сақтауға мүмкіндік береді. Pro Services жүйесі болған кезде сіз осы бағыттарды автокөлігіңіздің дисплейінен көре аласыз. Сондай-ақ сіз осы сайттан InControl Touch Pro навигация жүйесіне арналған өз аккаунтыңызды басқара аласыз. Кіру үшін электрондық мекенжай мен Jaguar көлігіңіздің навигация жүйесінде құрылған пароль қажет болады.   Карталардың соңғы жаңартуларын пайдалану туралы толығырақ ақпаратты InControl Route Planner жүйесінің «Карталар мен сервистер» бөлімінен алуға болады.

InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбіреулері опционалды болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімді болмауы мүмкін. Функциялардың болуы және толық талаптар туралы ақпаратты Jaguar ресми дилерінен нақтылап алыңыз. Кейбір функциялар үшін деректерді беруге лайықты келісімшарты бар тиісті SIM-карта талап етіледі, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесі бойынша қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді.