JAGUAR ҰСЫНҒАН INCONTROL АҚПАРАТТЫҚ-ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІ

СЕНСОРЛЫҚ ЭКРАН АРҚЫЛЫ ОЙЫН-САУЫҚ ПЕН АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Қауіпсіздікті арттыруға және басқару процесінен рақат алдыруға арналған Touch және Touch Pro жүйелері ең өзекті ақпараттық ойын-сауық функцияларын қамтиды. Қолданбаларды пайдалану, жоғары сапалы аудиожүйелердің көмегімен музыкалық шығармалардан ләззат алу және бүкіл әлем бойынша бағдар жасау үшін смартфонды қосыңыз.

TOUCH PRO ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

10 ДЮЙМДІК СЕНСОРЛЫҚ ЭКРАН

10 ДЮЙМДІК СЕНСОРЛЫҚ ЭКРАН

Touch Pro жүйесінің сезімталдығы жоғары сенсорлы экраны карталарды, медиа ресурстарды және баптауларды басқару үшін сенсорлық ишараларды қолдануға мүмкіндік береді.
ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

Проекциялық дисплей көздеріңізді жолдан айырмай, сапарға қатысты ақпаратты тікелей алдыңғы әйнекке шығарады.
ВИРТУАЛДЫ АСПАПТАР ТАҚТАСЫ

ВИРТУАЛДЫ АСПАПТАР ТАҚТАСЫ

Кеңейтілген функционалы және төрт алдын ала орнатылған тақырыбы немесе карталардың үш өлшемді көрсетілу режимі бар мүлдем жаңа графикалық интерфейсті өзіңіздің қалауларыңызға сәйкес баптаңыз.
ҚОСАРЛЫ КЕСКІН ФУНКЦИЯСЫ БАР ДИСПЛЕЙ

ҚОСАРЛЫ КЕСКІН ФУНКЦИЯСЫ БАР ДИСПЛЕЙ

Қосарлы кескін функциясы бар дисплей жүргізушіге және жолаушыға бір мезгілде бір сенсорлық экраннан әртүрлі контенттерді қарап көруге мүмкіндік береді.
ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕДИДАР

ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕДИДАР

Jaguar салонының алдыңғы бөлігінен де, артқы бөлігінен де цифрлық ТД-ны тамашалаудан ләззат алуыңызға болады.
АРТҚЫ ОРЫНДЫҚТАРДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

АРТҚЫ ОРЫНДЫҚТАРДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

Артқы орындықтардағы жолаушыларға арналған кіріктірілген мультимедиа жүйесі алдыңғы орындықтардың бассүйегіштеріне кіріктірілген екі тәуелсіз 8 немесе 10 дюймдік экранмен, қашықтан басқару пульттерімен және сымсыз құлаққаптармен толықтырылған.
DAB РАДИОСЫ

DAB РАДИОСЫ

Сүйікті радиостанцияларыңызды баптап сақтаңыз және цифрлық сымсыз аудиохабар таратудың жоғары сапасынан ләззат алыңыз.
PRO НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ

PRO НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ

Connect Pro опцияларының топтамасымен толықтырылған Pro навигация жүйесі өзіңіз жиі жүретін бағдарларды жадқа сақтайды, жаңартылған ақпарат алуға мүмкіндік береді және кептелістер мен болжалды келу уақыты туралы хабарлайды.
MERIDIAN<sup>ТМ</sup> АУДИОЖҮЙЕЛЕР

MERIDIANТМ АУДИОЖҮЙЕЛЕР

MeridianТМ Meridian аудиожүйелері жоғары сапалы дыбысты ойнатудың өз класындағы ең жақсы автокөлік технологияларымен және динамиктердің көп санымен ерекшеленеді, соның арқасында сіз барлық жолаушылармен бірге өздеріңізді жанды қойылымда отырғандай сезінетін боласыздар.

TOUCH ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

8 ДЮЙМДІК СЕНСОРЛЫҚ ЭКРАН

8 ДЮЙМДІК СЕНСОРЛЫҚ ЭКРАН

Аспаптар тақтасының ортасында жанасуларға және ишараларға лезде жауап қататын айқын сенсорлық экран орналасқан.
АВТОКӨЛІКТІҢ НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ

АВТОКӨЛІКТІҢ НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ

Межелі орынды оңай табуға және тез ашу үшін таңдаулы нүктелерді сақтауға мүмкіндік береді. Екі және үш өлшемді карталар мен дауысты көмек жүйесінің қолданылуын интуитивті түсінікті етеді.
ЖОҒАРЫ САПАЛЫ АУДИОЖҮЙЕ

ЖОҒАРЫ САПАЛЫ АУДИОЖҮЙЕ

Сіз жолаушыларыңызбен бірге салонның кез келген бөлігінде кез келген аудио көзінің жоғары сапалы дыбысынан ләззат ала аласыз.
ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

Проекциялық дисплей көздеріңізді жолдан айырмай, сапарға қатысты ақпаратты тікелей алдыңғы әйнекке шығарады.

InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбірі опционалдық болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Бар болуы мен толық шарттары туралы ақпаратты Jaguar ресми дилерінен тексеріңіз. Кейбір функциялар қолайлы тарифі бар тиісті SIM-карталарды қолдануды талап етеді. Дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім аяқталған соң жазылымды ұзарту қажет. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді.