JAGUAR INCONTROL ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Land Rover InControl — бұл автокөлікпен және сыртқы әлеммен байланыста болуға көмектесетін сервистер мен қолданбалар жиынтығы – ыңғайлы әрі қауіпсіз.

InControl жүйесінің жұмысын Intel көп ядролы процессоры басқарады, басқару жоғары жылдамдықты Ethernet желісі көмегімен сенсорлық экран арқылы жүзеге асырылады. InControl жүйесі байланыста болуға, жолда жалықпауға, көмек қызметіне қоңырау шалуға және басқа да пайдалы операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Қашықтан басқару мүмкіндіктері Jaguar-ды смартфон арқылы әлемнің кез келген жерінен басқаруға мүмкіндік береді. Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері сіздің Jaguar-дың жүріс сипаттамаларынан, мейлі ол қалалық жерде тұрақ болсын немесе жоғары жылдамдықты жолда жүрсе де, ләззат алуға көмектеседі.

INCONTROL АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІ

INCONTROL АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІ

Біздің ең заманауи автокөлік ақпараттық ойын-сауық жүйеміз сізді жалықтырмайды, ал навигация жүйесі есіктен есікке бағыт белгілеу арқылы адасуға жол бермейді. Қауіпсіздікті арттыруға және көлік жүргізуден ләззат алуға арналған Touch және Touch Pro жүйелері.* ең өзекті ақпараттық ойын-сауық функцияларын қамтиды. Смартфонды қосып, қолданбаларға қол жеткізіңіз.

* Опция автокөліктің жинақтамасына байланысты.
MERIDIAN<sup>ТМ</sup>* АУДИОЖҮЙЕЛЕР

MERIDIANТМ* АУДИОЖҮЙЕЛЕР

Meridian бірегей аудиотехнологиясының арқасында сүйікті музыкаңыздың нанғысыз таза және сапалы дыбысынан ләззат алыңыз. 3 қолжетімді Meridian аудиожүйесінің бірін таңдаңыз: Meridian (Touch немесе Touch Pro жүйелерімен бірге орнатылады), Meridian Surround Sound (тек Touch Pro жүйесімен үйлесімді) немесе Meridian Signature Reference. Олардың әрқайсысы теңдесі жоқ дыбыс сапасына кепілдік береді.

* Опция.
INCONTROL ЖҮЙЕСІНІҢ БАЙЛАНЫС МҮМКІНДІКТЕРІ

INCONTROL ЖҮЙЕСІНІҢ БАЙЛАНЫС МҮМКІНДІКТЕРІ

Connect and Connect Pro топтамасы* Jaguar салонында қосылыстың мол мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

* Опция.
INCONTROL ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

INCONTROL ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

InControl жүргізушінің көмекші жүйелері жолда және тұраққа қою кезінде қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі. Тар көшеде тұраққа қою кезінде тұраққа қою көмекші жүйесі автокөліктің зақымдану қаупін азайтуға мүмкіндік береді*. Ал жүргізушіге көмек көрсету функциялары жүргізушіге көлікті басқаруға зейін қоюға мүмкіндік береді, соқтығысу қаупі туралы ескертеді, сонымен қатар шаршау белгілері анықталған кезде үзіліс жасау қажеттілігі туралы хабарлайды.​

*Опция.

InControl жүйесінің сипатталған функцияларының кейбірі опционалдық болуы немесе белгілі қозғалтқыштары бар кейбір нарықтар мен автокөліктер үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Бар болуы мен толық шарттары туралы ақпаратты Jaguar ресми дилерінен тексеріңіз. Кейбір функциялар қолайлы тарифі бар тиісті SIM-карталарды қолдануды талап етеді. Дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім аяқталған соң жазылымды ұзарту қажет. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді.