JAGUAR ҮШІН MERIDIAN™ АУДИОЖҮЙЕЛЕРІ

Сіздің Jaguar қуатына сәйкес келетін керемет дыбыс.

JAGUAR КӨЛІГІҢІЗДІҢ САЛОНЫН НАҒЫЗ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНА АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ

Meridian бірегей аудиотехнологиясының арқасында сүйікті музыкаңыздың нанғысыз таза және сапалы дыбысынан ләззат алыңыз. Аудиоплейерде және ұтымды орналастырылған динамиктерде жүзеге асырылатын инновациялық шешімдер сізді дыбыстың тазалығы мен толықтығымен қуантады — сіз өзіңіздің сүйікті орындаушыларыңыздың жанды қойылымында отырғандай сезінесіз. Бірегей Trifield технологиялары бар британдық Meridian брендінің аудиожүйелеріТМ және кабина геометриясының ерекшеліктерін ескеретін Cabin Correction сізге ырғақты сезінуге мүмкіндік береді,†† жоғары тонды үндердің мәнерлілігі мен бастардың толықтығын көрсетеді.

MERIDIAN АУДИОЖҮЙЕСІ

MERIDIAN АУДИОЖҮЙЕСІ

Jaguar көлігіңізбен сапар шеккенде ерекше дыбыс сапасынан ләззат алыңыз. Екі арналы сабвуферімен қолжетімді және максималды 14* ұтымды түрде орналастырылған динамиктермен бірге 380 Вт қуаты бар аудиожүйе кабинаның кез келген бөлігінде дыбыстың тазалығы мен толықтығын қамтамасыз етеді. Жүйенің екі нұсқасы ұсынылады. Оларды орнату мүмкіндігі сіз таңдаған ақпараттық ойын-сауық жүйесіне байланысты: InControl Touch немесе InControl Touch Pro.

*Динамиктердің саны мен қуаты Jaguar үлгісіне байланысты. Толық ақпаратты дилерден анықтап біліңіз.
MERIDIAN SURROUND SOUND АУДИОЖҮЙЕСІ

MERIDIAN SURROUND SOUND АУДИОЖҮЙЕСІ

Jaguar көлігіңізден шықпай-ақ, сүйікті орындаушыларының жанды қойылымынан алғандай эмоцияларды алыңыз – Meridian Surround Sound аудиожүйесі825 Вт қуатпен сізге екі арналы сабвуферді және ең көбі 20* алдыңғы, бүйірлік және артқы динамикті тамаша үйлестіретін Trifield технологиясының арқасында осы бірегей мүмкіндікті береді. Meridian эксклюзивті технологиясы Trifield барлық жолаушылар үшін теңдесі жоқ дыбыс сапасына кепілдік бере отырып, кеңістіктік әсер арналары бар орталық, оң және сол арналардың тамаша тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

*Динамиктердің саны мен қуаты Jaguar үлгісіне байланысты. Кескінде Meridian Surround Sound аудиожүйесі бар Pure жинақтамасындағы XE автокөлігі көрсетілген. Толық ақпаратты дилерден анықтап біліңіз.
MERIDIAN SIGNATURE REFERENCE АУДИОЖҮЙЕСІ

MERIDIAN SIGNATURE REFERENCE АУДИОЖҮЙЕСІ

Meridian Signature Reference аудиожүйесі шынайы және шыныменде сапалы дыбыстың арқасында сізді ойша сүйікті орындаушылардың концертіне апарады. 1300 Вт қуаты бар жүйе 26 динамикке дейін ұсынады* және екі арналы сабвуфер және автокөліктің ішкі кеңістігін кеңейтетін әлемдегі алғашқы Trifield технологиясымен толықтырылады.

*Динамиктердің саны мен қуаты Jaguar үлгісіне байланысты. Толық ақпаратты дилерден анықтап біліңіз.

MERIDIAN АУДИОЖҮЙЕСІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

СИГНАЛДАРДЫ САНДЫҚ ӨҢДЕУ

СИГНАЛДАРДЫ САНДЫҚ ӨҢДЕУ

Әрбір Meridian динамигі сигналдарды сандық өңдеу технологиясына (DSP) негізделген. Ол аудиожүйенің барлық элементтерін біріктіреді және керемет шынайы дыбысты қамтамасыз етеді.
MERIDIAN CABIN CORRECTION ДЫБЫС ӨРІСІН ТҮЗЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

MERIDIAN CABIN CORRECTION ДЫБЫС ӨРІСІН ТҮЗЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Meridian Cabin Correction дыбыс өрісін түзету технологиясы салон геометриясын, акустика мен резонанстарды талдап, бөгде дыбыстарды жоюға мүмкіндік береді. Күрделі алгоритм композициялардың автор ойлағандай дыбысталуын қамтамасыз етеді.
MERIDIAN DIGITAL DITHER SHAPING САНДЫҚ ШУ БАСҚЫШЫ

MERIDIAN DIGITAL DITHER SHAPING САНДЫҚ ШУ БАСҚЫШЫ

Meridian Digital Dither Shaping сандық шу басқышы сандық сигналды түрлендірудің кедергісіз орындалуын қамтамасыз етеді және сәнді әрі таңдаулы Jaguar көлігін керемет толықтыратын дыбыс береді.
TRIFIELD ТЕХНОЛОГИЯСЫ<sup>†</sup>

TRIFIELD ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Trifield, Meridian эксклюзивті технологиясы Jaguar көлігіңізде мінсіз үш өлшемді дыбыс кеңістігін жасай отырып, арнайы әсер арналары бар орталық, оң және сол арналардың тамаша тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

СЕРІКТЕСТІКТЕР

MERIDIAN ЖӘНЕ JAGUAR

MERIDIAN ЖӘНЕ JAGUAR

Meridian және Jaguar ынтымақтастығының нәтижесі – шынайы британдық сән-салтанатқа деген құштарлықты көрсететін және теңдесі жоқ сипаттамаларды білдіретін аудиожүйелер. Meridian компаниясы Jaguar көлігіңізбен саяхаттау кезінде сүйікті музыкаңыздың үш өлшемді және керемет шынайы дыбысын тыңдауға мүмкіндік беретін бірегей технологияларды әзірледі. Технологиялық инновациялар немесе салондағы динамиктердің нақты орналасуы болсын, әрбір бөлшек маңызды.
MERIDIAN КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

MERIDIAN КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

1977 жылы Англияның Кембриджшир қаласында құрылған Meridian компаниясы Jaguar брендімен бірлесе отырып, автокөліктердің өнімді дәлдігі жоғары аудиожүйелерін құрастырады. Meridian — белсенді динамиктерді және әлемдегі тұңғыш кеңістік дыбысын шығару цифрлық процессорын қоса алғанда, көптеген инновациялық құрылғылардың әзірлеушісі. Әрбір Jaguar моделінің салон ерекшеліктеріне сәйкес арнайы оңтайландырылған MeridianTM аудиотехнологиялары жолда сүйікті музыканың керемет шынайы дыбысын тыңдауға мүмкіндік береді.