NACER IBN ABDELJALIL






Jaguar MENA өзінің Forward Thinkers «Таяу Шығыс және Солтүстік Африка» (MENA) өңіріндегі Jaguar өкілдігі фильмдер сериясының бір бөлігі ретінде бесінші шығарылымын шытырман оқиғаларды іздеуші Насер Ибн Абдельджалилдің өмір жолына және оның ең қатаң жағдайларда әлемдегі ең биік тауларға көтерілу тәжірибесіне арнады.


Forward Thinkers фильмдер сериясы Jaguar — The Art of Performance коммуникациялық платформасында сезімге шақыратын, күнделікті өмірдің шекарасын кеңейтетін және көркемөнерге айналатын автокөліктердің динамикасы мен қасиеттері туралы айту үшін іске қосылды. Жоба аясында БАӘ, Кувейт, Ливан және Сауд Арабиясы және Марокко тұрғындары өздерінің оқиғаларымен, жетістіктерімен және сүйікті ісіне деген адалдықтарымен бөліседі.


Насер Эверестке көтерілген алғашқы марокколық азаматы болды. Бұл шыңға шығу — жеті жоспардың бірі. Насер келесі екі жыл ішінде әр континенттің ең биік жеті шыңын бағындырмақшы.


Насердің ерекше табандылығы бар. Күннен күнге ол өзінің төзімділігімен жұмыс істеп, жайлы аймақтан шығу үшін өзіне қиындық туғызады. Шытырман оқиғаларды іздеуші 2013 жылдың мамырында Монбланда (4807 м), Мак-Кинлиде (6194 м), Аконкагуада (6959 м), Эверестте (8848 м) және Солтүстік полюсті аралап үлгерді.


Өз тәжірибесіне түсініктеме бере отырып, Насер былай деді: «Қиындыққа немесе ауыр жағдайларға төтеп беру үшін мен әрбір бөлшекке назар аударуға тырысамын. Осылайша мен өз іс-әрекетіме және дайындығыма сенімді бола аламын». Өзінің шытырман оқиғаларынан сабақ алған бұрынғы корпоративтік банкир 2013 жылы адамдарды армандарына жетуге шабыттандыру үшін Everest Conseil компаниясын құрды. Everest Conseil адамдарға армандарына жетуге, қиын жағдайда табысқа жетуге және стрессті жеңуге көмектесу үшін бүкіл аймақта әртүрлі семинарлар, іс-шаралар мен конференциялар ұсынады.


Алдын ала ескертулерге қарамастан, Насер қажымайтын саяхатшы, қалыптан тыс ойлауға тырысады және келесі ерлік — Оңтүстік полюске баруды қалайды. Насер өз шешімін былай деп түсіндіреді: «The Art of Performance — сізде қанша күш пен мүмкіндік бар екендігі туралы емес, бірақ оларды қиындықтарға қарамастан, қалай пайдаланатыныңыз туралы». Саяхат кезінде мен жылдамдықтан гөрі басқару мүмкіндігі маңызды екеніне көз жеткіздім. Мысалы, спорткарларды максималды жылдамдығы үшін емес, орналасқан жеріне қарамастан, өзгермелі жағдайларға тез жауап беру қабілеті үшін бағалайды.


Насер туралы фильм Jaguar рухын көрсетеді. Оның бойында жүрек соғысын жиілететін керемет дизайны мен ерекше басқару мүмкіндігі бар спорттық машиналар көрініс табады. The Art of Performance платформасының бір бөлігі ретінде Jaguar бренді жай сандар мен статистикадан тыс динамикалық Таяу Шығыс аймағының әртүрлі салаларындағы өнердің, шеберліктің, шығармашылықтың және жетістіктердің барлық түрлерін атап өтеді.