Интегралды көптұтқалы артқы аспаның арқасында Jaguar автокөлігіңіз сәнді жүріс жатықтығының, айрықша басқарудың және лезде жауап берудің тамаша үйлесімін көрсетеді. Жоғары тиімділік жүйенің аспаға әсер ететін көлденең, бойлық және тік күштерді бөліп, дербес басқаруымен түсіндіріледі, бұл басқарылу мен жайлылық деңгейін жоғарылатады. Аспаның көптеген компоненттері алюминийден соғу немесе қуыс құю арқылы жасалған, бұл барынша берік және жеңіл құрылымды алуға оңтайлы.