JAGUAR КОНЦЕПТ-КАРЛАРЫ

JAGUAR КОНЦЕПТ-КАРЛАРЫ

C-X16 — JAGUAR-ДЫҢ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН КЕРЕМЕТ ҰСТАНЫМЫ

Jaguar C-X16 2011 жылы Франкфурттағы автосалонда ұсынылған.

C-X16 — көпшіліктен ерекшеленетін екі орынды спорттық автомокөлік. Концепт-кар болғанымен, ол Jaguar-дың болашақ дизайнерлік және технологиялық ниеттері жайлы сеніммен мәлімдейтінін атап өткен жөн.

«Jaguar әрдайым спорттық сипатқа ие болды және C-X16 XXI ғасырдың нағыз спорттық автомокөлігі туралы түсінігіміздің мінсіз көрінісі болды. Ол жылдам, әдемі және күштік агрегаттардың экологиялық қауіпсіз технологияларын жасаудағы ұмтылысымызды көрсетеді. Ол Jaguar көлігінің танылған мықты жақтарын — сезімтал дизайнды, жануарлар ептілігін және шабыттандыратын өнімділікті бейнелейді — және оларды зиянды шығарындысы төмен спорттық автокөліктерді жасауға бағытымызды анықтайтын сипаттамалармен біріктіреді», — дейді Jaguar брендінің жаһандық директоры Адриан Холлмарк.

Алдыңғы C-X75 концепт-кары секілді, C-X16 керемет технологиялық сипаттамаларға ие автомокөлік екеніне күмән келтірмейді. C-X75 сияқты, автокөліктің келісті көрінісі әсерлі статистикамен толық расталады. Бұл орнынан небәрі 4,4 секундта 62 миль/сағ жылдамдыққа дейін жетуге, максималды жылдамдығын 186 миль/сағ-қа дейін арттыруға және небәрі 2,1 секундта 50 миль/сағ-тан 75 миль/сағ-қа дейін жылдамдауға қабілетті концепт-кар.

C-X16 алюминий шанағы автокөліктің озық механикалық тораптарын барынша тығыз қоршайды, ал әсем құрылысы оның динамикалық қабілеттерін көрсетеді. Қарапайым, бірақ маңызды сызықтарды қарқынды төмендетілетін төбемен және артқы бөлігімен пайдалану C-X16 архитектурасына тек Jaguar көлігінде болатын шығыңқы, бірақ мүсіндік пішін береді.

Jaguar-дың дизайн жөніндегі директоры Ян Каллум мұнымен келіседі. «Jaguar спорттық автокөлігі өз дизайнында айқын визуалды қозғалысқа ие болуы керек және C-X16 — бұл аталған принциптің тамаша көрінісі. Оның әрбір сызығы мақсатты түсінуден басталып, айқындық сезімімен аяқталады. Дәл осы тәсіл C-X16 үшін мақсатқа бағытталушылық берді. C-X16 моделіне қарап, рульге отырғыңыз келеді — Jaguar спорттық автокөлігі сізде дәл осы сезімді оятуы керек».

C-X16 — ӨНІМДІЛІК

C-X16 — ӨНІМДІЛІК

C-X16 — ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ИНТЕРЬЕР

C-X16 — ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ИНТЕРЬЕР

C-X16 — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

C-X16 — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР