JAGUAR КОНЦЕПТ-КАРЛАРЫ

JAGUAR КОНЦЕПТ-КАРЛАРЫ

C-X16 — ӨНІМДІЛІК

C-X16 осьтер бойынша салмақтың 50:50 қатынаста мінсіз бөлінуімен және қуаты 380 а. к. болатын үрлемі бар 3,0 литрлік V6 бензиндік қозғалтқышын біріктіретін прототиптік гибридтік күштік қондырғысымен (280 кВт) және 332 фунт-фут айналдыру моментімен (450 Н∙м) және қосымша 70 кВт және 235 Н∙м (бұл 95 а. к. және 173 фунт-фут шамасына тең) беретін электр мотормен ерекшеленеді. Сегіз сатылы беріліс қорабы арқылы артқы дөңгелектерді айналдыра отырып, бұл гибридтік күштік қондырғы жеңіл C-X16 көлігіне 4,4 секундта 62 миля/сағ дейін үдетуге және жылдамдықты 186 миля/сағ дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа V6 қозғалтқышында сегіз цилиндрлі мотордағыдай жеңіл алюминий құрылым пайдаланылады, беріктік пен тиімділікті арттыру үшін цилиндр блогы мойынтіректерінің қақпақтары көлденең болттармен қосымша бекітіледі. Екі камералы төрт клапанды цилиндр бастары қоршаған ортаға өндірістің әсерін азайту үшін қайта өңделген алюминийден дайындалған.

Жеңіл алюминий шасси галлонға барлығы 41 миля деңгейіндегі шығынды және 165 г/км деңгейінде CO2 аралас шығарындыларын қамтамасыз етеді. Нақты қозғалыс жағдайында отынның үнемділігін арттыру үшін сегіз сатылы беріліс қорабы Jaguar қозғалтқышты өшіру және оталдыру интеллектуалды жүйесімен жабдықталған, жүйе автокөлік тоқтаған соң 300 миллисекундтан кейін қозғалтқышты өшіреді. Жақында XF моделінде көпшілікке аса табысты ұсынылған бұл жүйе жүргізушіге тежегіштен акселераторға өту үшін аяғын ауыстыруға қажет уақытта автокөлікті қайта оталдыра алатын екі қабатты соленоиды бар стартерді пайдаланады.

Jaguar автокөліктерінің қуатын ғана емес, олардың атын шығарған мінсіздікті қамтамасыз ету үшін V6 қозғалтқышы күштік қондырғының алдыңғы және артқы бөліктерінде тәуелсіз айналатын тепе-теңдік жүктемелерінің патенттелген жүйесімен жабдықталған. Бірқалыпты әрі қуатты V8 қозғалтқышымен таныс адамдар оның барлық қуат белгілерін V6 қозғалтқышының алғанын байқайды, бұл ретте ол өзіндік толқытатын дауысқа ие болып, SULEV 30 (Super Ultra Low Emission Vehicle) және EU VI стандарттарына сәйкес келетін шығарындылар мен жақсартылған үнемділік көрсеткіштерін қамтамасыз етіп отыр.

C-X16 — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

C-X16 — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

C-X16 — ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ИНТЕРЬЕР

C-X16 — ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ИНТЕРЬЕР