Jaguar C-X75 «Спектр» атты Бонд туралы жаңа фильмдегі Рим көшелерінде Бондты Хинкс қуған кездегі керемет автокөлік жарысына қатысады.
Jaguar 2010 жылы C-X75 көлігін көпшілікке ұсынған кезде бұл инновациялар мен технологиялық өрлеу тарихындағы жаңа тараудың бастамасы болды: автокөлік дизайнерлік концепциядан толыққанды прототипке дейінгі жолды небәрі екі жылда өтті.
Осындай өте қысқа уақыт ішінде Jaguar технологиялық серіктесі Williams Advanced Engineering екеуі әлемдегі ең жоғары меншікті қуатты қозғалтқышы және көміртекті композиттік монококты алғашқы Jaguar шассиі бар толық жетекті, қосылатын параллельді (PHEV) гибридтік автокөлік жасап шығарды.
2012 жылы экономикадағы жаһандық жағдайға байланысты C-X75 сериялық өндіріске шығарылмайды деп шешім қабылданғанымен, бұл Jaguar компаниясының жеңіл автокөліктер жасаудағы жетекші әлемдік тәжірибесінің мықты көрінісі және ауаны ластау деңгейі төмен, өнімділігі жоғары қуат қондырғылары саласындағы компанияның инновациялық зерттеулері үшін нағыз сынақ үлгісі болып қалары анық.
C-X75 прототиптерін әзірлегенде қол жеткізген үлкен жетістіктер, соның ішінде Williams Advanced Engineering-пен бірге жасалған алдыңғы қатарлы гибридтік технологиялар, көміртекті композиттік материалдар және озат конструкторлық шешімдер зерттеулер мен әзірлемелердің басқа салаларында, болашақ инновациялық өнімдерде және Jaguar брендінің келесі буынының инженерлік шешімдерінде пайдаланылады.
«C-X75 концептісі Jaguar компаниясының инженерлік және дизайнерлік шеберлігінің шыңын көрсетеді. Сірә, бұл таңғаларлық гибридтік күш қондырғысы мен керемет өнімділікті біріктіретін ең озық технологиялардың әлемдегі ең тез жасалған сынама үлгісі шығар. Jaguar әрдайым келешек автокөліктерін жасауға тырысады және C-X75 сияқты жобалар арқылы біз Jaguar инновациясының келесі буынының негізін қалаймыз», — дейді Jaguar брендінің жаһандық директоры Адриан Холлмарк.
Қуат пен айналдыру моментінің аса жоғары үйлесімі
C-X75 моделінің біріктірілген қуаты 850 а.к. мен 1000 Н∙м айналдыру моментінен асып кетеді, бұл «Формула-1» жарысынан шабыт алған, 10 000 айн/мин кезінде 502 а.к. беретін қос үрлемді (турбоүрлем және айдағыш) заманауи 1,6 литрлік төрт цилиндрлі күштік қондырғының арқасында мүмкін болып отыр.
Ол барлық сериялық аналогтардың ішінде ең жоғары айналдыру моментіне және меншікті қуатқа ие электрмоторға қосылып, қосымша 390 ат күшін береді. C-X75 моделіндегі батарея блогы — тұрақты номиналды қуаты бар қосылатын гибридке арналған, толық зарядталған кезде 300 кВт астам энергия бере алатын әлемдегі ең қуатты блок.
C-X75 жетілдірілген жеті сатылы автоматтандырылған механикалық беріліс қорабының арасында алты секундқа толмайтын уақытта 0-ден 100 миль/сағ. дейін жылдамдықты арттыра алады, бұл беріліс сатысын 200 миллисекундқа толмайтын уақытта ауыстырып қосуға мүмкіндік береді. C-X75 моделінің ең бірінші прототипі сынақ кезінде жылдамдықты сағатына 200 мильге дейін оңай арттырды, ал автокөліктің теориялық ең көп жылдамдығы сағатына 220 мильді құрайды.
Күшейетін аэродинамикалық жабын және көлік астындағы аэродинамика сағатына 200 миль жылдамдықта 200 кг астам қысу күшін тудырады, ал белсенді көмекші жүйелер автокөліктің жоғары жылдамдықтағы тұрақтылығын арттырады.
Шығарындылардың өте төмен деңгейі және толығымен электрмен тарту күшімен жүру режимі
Сондай-ақ қосылатын гибрид C-X75 үшін әзірленетін барлық батереялардың ішіндегі өте жоғары сипаттамалардың арқасында электрмобиль режимінде 60 км жүре алады, ал оның CO2 шығарындысы 89 г/км аспайды.
C-X75 жобасы Jaguar компаниясының инновациялық технологиялардың Ұлыбританиядағы елеулі инвесторы ретінде өзі туралы сенімді түрде мәлімдеуіне мүмкіндік береді. C-X75-пен жұмыс істеу нәтижелері, атап айтқанда, күш қондырғыларының озық технологиялары және жеңіл композиттік материалдар саласындағы нәтижелері Jaguar компаниясының автокөлік әзірлемелері мен өндірісінің алғы шебіндегі техникалық көшбасшы екенін көрсетеді.
C-X75 қуаттылық, өнімділік отын үнемдеу ұғымының аясын ұлғайтады.