Артқы жағынан Jaguar XFавтокөлігіңізге жақындағанда, қолыңызды көтеріп, жүргізуші есігінің тұтқасына созған кезде сіз капоттың соңындағы томпақтау келген жерінен 1960-шы жылдардағы ең алғашқы Jaguar MK II спорттық седанының бейнесін көре аласыз. Бұл белгішемен таныс кез келген адам XF сияқты заманауи автокөліктен таныс иілісті көріп, таңғалатын шығар. Бұл толық заманауи дизайн, физикалық формасы, жабдықталған сипаттамалары мен технологиялары болашаққа бағытталған автокөлік.
Бірақ Jaguar компаниясының дизайн директоры Ян Каллумның және оның команда мүшелерінің дарыны зор болғаны соншалық, олар, тіпті, бізге заманауи стильді құрбан етпестен, XF-тің өткенін еске түсіре алды. Олар көңіл көтереміз деп шешті. Олар кез келген данышпан дизайнерлік ой сияқты керемет көрінетін және таң қалдыруды тоқтатпайтын автокөлік жасады. Автокөлікке неғұрлым ұзақ ие болсаңыз, ол сізге сондай ұсақ-түйектерді соғұрлым көп ашады.
Jaguar XF аңызға айналған Jaguar үлгілерінің арасында өз орнын алды. «Сондықтан, біз оны саналы түрде өзгертуді ұйғардық», — деп мойындайды Каллум мырза. «Бірінші XF брендті түрлендірді, біз заманауи дизайн тілінде сөйлей бастадық», — дейді Каллум мырзадан XF сыртқы түрін жаңарту туралы тапсырма алған Адам Хаттон. Хаттон бірінші үлгісімен де жұмыс істеді. «Менің ойымша, жақсы автокөлік дизайнының айрықша ерекшелігі, өзгертулер енгізілгеннен кейін де, ол жолда керемет көрінеді және жақсы сатылады. Сондықтан XF үшін түбегейлі өзгерістер уақыты әлі келген жоқ. Біз, керісінше, оның артықшылықтарын атап өткіміз келді».
Әрине, 2007 жылы алғашқы XF шыққаннан бері көп нәрсе өзгерді. Аса ықшам әрі спорттық XE жасалып, бұл XF-ке аса жоғары мәртебе алуға мүмкіндік берді. Jaguar компаниясының технологияға қомақты инвестициясы жеңіл алюминий сәулетін, Ingenium компаниясының өзіндік өндірісінде шығарылған инновациялық төрт цилиндрлі күштік агрегатты, сондай-ақ сапалы байланысты қамтамасыз ететін санаттағы ең жақсы InControl Touch Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесінен бастап, тіпті, тайғақ бетте де жүрісті сенімді бастауға көмектесетін жол төсеміне бейімделу жүйесіне (ASPC) дейін жүргізушіге бағытталған бірқатар технологияларды дамытуға ықпал етті (XF осы сегментте осындай опциялармен жабдықталған алғашқы үлгі болды).
Сіз XF пішіндері мен пропорцияларының қалай өзгергенін және осы өзгерістерге қандай техникалық артықшылықтар беретінін көре аласыз. Автокөліктің негізінде жатқан жеңіл алюминий конструкциясы шын мәнінде – «сәулет» және шанақты ұстап тұратын бекітілген «платформа» емес. Сондықтан дизайнерлер командасы негізгі аспектілерден бастап, дөңгелектерді өздері ойлаған жерге орнатып, автокөлікке мінсіз пропорциялар беріп, оның бітімін ерекшелеп көрсете алды.
Осы модельдік жылдың XF нұсқасы маневрлікті арттыру мақсатында, алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда қысқарғанымен, ұзартылған дөңгелек базасы мен бұрыштарға ығысқан дөңгелектердің арқасында, ол үлкенірек және маңыздырақ болып көрінеді. Шанақтың қысқартылған алдыңғы бөлігі модельдің динамикалығын көрсететін жинақы радиатор торымен теңдестірілген, ал алдыңғы ось сызығы мен руль арасындағы ұзартылған секция әдеттегіден артық сән-салтанат беріп, қуатты қозғалтқышы мен артқы жетекті люкс автокөлігінде көргіңіз келетін пропорцияларды ерекшелеп көрсетеді (сонымен қатар төрт цилиндрлі және толық жетекті XF жинақтамасына тапсырыс беруге болады).
«Біз XF позициясын сәл өзгерттік, өйткені бізде XE бар, — дейді Хаттон. — Біз қоштасып жатқан XF буынының жүгі ауыр болды. Бұл базалық автокөліктер, бизнес санатындағы автокөліктер және төрт есікті купелер болды. XE моделін жасау XF моделін шынымен түрлендіруге, оны дәл қазіргідей етуге мүмкіндік берді».
Әрине, біліктер арасындағы үлкен ұзындық салонда көбірек орын құрады және XF автокөлігі өз класында артқы жағындағы аяқтарға арналған жеткілікті кеңістікке ие болады. Сондықтан дизайн тобы мұны «алтыншы жарық» – артқы есіктердің артындағы С тәрізді тірекке орнатылған қосымша терезе арқылы ерекше көрсетуді шешті. Осыған қоса, жүксалғыштың үстіндегі сәл айқынырақ өңделген алынбалы сөре XF автокөлігіндегі ең керемет өзгеріс болуы мүмкін.
Бірақ дизайнерлермен сөйлескенде ғана олардың жұмысының қыр-сыры: олардың жарықты түсіретіні, басқаратыны және бағыттайтыны, пішінді жаңартып, бізді өзіміз ойламаған жерден дизайнға ғашық ететіні айқын болады. Фаралардан басталып, XF капотының бойымен созылатын аздап «бұдырлы» жерге назар аударыңыз – бұл өткен жылдардағы Jaguar седандарының ерекше белгісі, сонымен қатар капотқа жебе ұштарын салып, көзге түсу тәсілі. Ал ең жақсысы «жарық найзасы» шығар, алдыңғы дөңгелек доғаларынан және шанақтың бойымен артқа қарай созылатын сызық, ол осындай байсалды көрінетін седан корпусының біркелкі пішіміне баса назар аудартады.
«Mark II автокөлігінде алдыңғы дөңгелектің үстінен өтіп, артқы жағына қарай созылған әдемі сызық болды», – дейді Хаттон. «Біз оны заманауи түрде қайта ойластырдық». Ян оны «жарық найзасы» деп атады. Сіз бұл қисықтың мінсіз екенін көре аласыз. Ол артқа қарай созылып, өте әдемі жіңішкеленеді. Бұл көлікке талғампаз британдық сипат береді. Осы арқылы автокөлік одан да сұңғақ көрінеді. XF жеңіл салмақты автокөлік және біздің міндетіміз – мұны сыртқы дизайнда көрсету».
Каллум және оның командасы тамаша пішім мен пропорцияларды ойластырылған, нәзік бөлшектермен біріктірді. XF тағы да Каллумның жоғарыдан еліктіргіш көріністі қамтамасыз ететін дизайнға деген табанды ұмтылысын танытады, бұл өз кезегінде көше деңгейінде автокөлікті айнала өткенде оның пішіні жөніндегі түсінігіңізді өзгертеді. Бірақ дизайн вакуумда болмайды. XF дизайнына оның алюминийді қолданумен әзірленген архитектурасы ықпал еткендей, дизайн тобы Jaguar инженерлері мен аэродинамиктеріне XE моделімен бірге тарихтағы ең аэродинамикалық Jaguar автокөлігін құруға көмектесті, оның аэродинамикалық қарсылық коэффициенті небәрі 0,26 құрайды.
Осы тегіс пішінді, тиімділігі жоғары Ingenium төрт цилиндрлі дизельді қозғалтқышымен, шамамен 190 кг салмақ жоғалтумен және рульдің электркүшейткіші сияқты отын үнемдеу саласындағы одан әрі жетістіктермен біріктірсеңіз, сіз әр километрге тек 104 г ғана СО2 шығаратын XF автокөлігін таңдай аласыз*.
«Бұл XF автокөлігінің үлкен тарихы», – дейді Каллум. Біз аэродинамикамен алғашқы эскизден бастап жұмыс істедік. Егер сіз бәрін кешенді түрде жасасаңыз және бүкіл көлікті мүмкіндігінше аэродинамикалық етуге тырыссаңыз, онда сіз аморфты нәрсеге қол жеткізесіз. Оның орнына біз жарыс машинасының инженері сияқты автокөлік арқылы және оның айналасында ауа ағынын басқаратын бөлшектермен жұмыс істейміз. Осылайша сіз дизайн жағынан да, тиімділік жағынан да әлдеқайда жақсы нәтижеге қол жеткізесіз».
Олардың екеуі де керемет нәтижеге қол жеткізгендерін біледі: Jaguar – дизайнерлік көшбасшылығын заманауи технологиялармен және сипаттамалардың ерекше кеңдігімен біріктіретін автокөлік. Хаттон былай дейді: «Білесіз бе, сәтсіз жағы жоқ автокөлікті жасау оңай емес. Бірақ сіз XF автокөлігінің нашар фотосуретін түсіре алмайтыныңызға сенімдімін».
*Отын шығыны туралы келтірілген деректер өндіруші ЕО қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізген ресми сынақтардан алынған.
Автокөліктің нақты отын шығыны осындай сынақтар барысында алынған көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін, сондықтан бұл сандар тек салыстырмалы мақсаттарда беріледі.
XF үшін ресми отын шығыны л/100 км (бір миляға галлон): Қалалық 11,9 (23,7) – 4,8 (58,9) , Қаладан тыс 6,7 (42,2) – 3,6 (78,5) , Аралас 8,6 (32,9) – 4,0 (70,6). CO2 шығарындылары г/км: 204 – 104.