F-TYPE SVR КАБРИОЛЕТІ

575 ат күші бар F-TYPE SVR нұсқасы керемет қуат, бас айналдыратын динамика және 322 км/сағ. максималды жылдамдық үшін жасалған.

MAXIMUM POWER 575PS

ACCELERATION FROM 3.7seconds 0-100km/h

TOP SPEED 314km/h

Special Vehicle Operations (SVO) бөлімшесі Jaguar құндылықтарының ең жоғары көрінісі болатын автокөліктерді әзірлейді: керемет динамика, ерекше сән-салтанат және озық технологиялар. Аса заманауи SVO техникалық орталығынан шыққан соңғы туынды F-TYPE SVR болды — тарихтағы ең қуатты F-TYPE.
 
5,0 литрлі V8 TWIN VORTEX турбокомпрессоры қозғалтқыштың барлық айналымдарда мұқият жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мықтап ұстаңыз: 100 км/сағ дейін үдеу үшін небәрі 3,7 секунд кетеді, ал максималды жылдамдық 322 км/сағ құрайды.*.

*Көмірталшықтан жасалған F-TYPE SVR антиқанатын стандартты F-TYPE артқы спойлеріне ауыстырған кезде, F-TYPE SVR купесінің максималды жылдамдығы 300 км/сағ құрайды.

АЙРЫҚША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ӘРБІР БӨЛШЕК АЭРОДИНАМИКАНЫ

ӘРБІР БӨЛШЕК АЭРОДИНАМИКАНЫ

Өзіңізге ымырасыз F-TYPE ашыңыз. F-Type SVR жеңілірек және жылдамырақ болды: жақсартылған аэродинамика жолмен ілінісу қабілетін арттырады, ал Jaguar толық жетекті технологиясы кез келген жағдайда максималды тарту күшін қамтамасыз етеді. Автокөліктің әрбір дюймі таңғалдыратын Jaguar динамикасына қол жеткізу үшін оңтайландырылған

Бұл автокөліктерде кейбір өзекті жаңартулар ұсынылмауы мүмкін. Соңғы сипаттамалармен танысу үшін Jaguar ресми дилеріне хабарласыңыз.
ИНТЕРЬЕР

ИНТЕРЬЕР

Тігістері бар аса заманауи материалдардан жасалған Performance орындықтары жайлылық пен тиімді сақтайды және абсолютті сән-салтанат сезімін береді.
САЛМАҚТЫ АЗАЙТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

САЛМАҚТЫ АЗАЙТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Ауыр салмақ – динамиканың жауы. Сондықтан біз F-TYPE SVR нұсқасын мүмкіндігінше жеңіл етіп жасадық. Әр грамның өз мақсаты бар. Титан мен қорытпалардан жасалған жеңіл InconelⓇ пайдаланылған газдарды шығару жүйесі және керемет соғылған жеңіл қорытпалы дөңгелектер автокөліктің жалпы салмағын сәйкесінше 16 және 13,8 кг төмендетуге ықпал етеді. Әрбір жетілдірілген артқы аспаның құлағы, әдеттегі түйіндермен салыстырғанда, салмақты 0,6 кг-ға азайтады, ал опциялық 398 мм алдыңғы және 380 мм артқы көміртекті-керамикалық тежегіш дискілері, басқа материалдардың баламаларымен салыстырғанда, спорткарды 21 кг жеңіл етіп жасайды. Әрбір үнемделген миллиграмм, F-TYPE SVR моделіне жылдам үдеуді, жақсартылған басқаруды және тиімді тежеуді қамтамасыз етіп, ұмытылмас жүргізу сезімін сыйлайды.
ЖАҚСАРТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

ЖАҚСАРТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Антиқанат F-TYPE SVR динамикалық сипаттамаларын жақсартуға, аэродинамикалық кедергіні төмендетуге және қысым күшін арттыруға тікелей ықпал етеді. Антиқанат жалпақ және анағұрлым көтерілген, бұл оған автокөліктің бүкіл ені бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол аэродинамикалық кедергіні 2,5 пайызға, ал көтеру күшін 15 пайызға төмендетеді. Басқа аэродинамикалық жетілдіру амалдары мотор бөлімінен өтетін ауа ағынын басқарады, осылайша қозғалтқышты оңтайлы салқындатуға және теңдестірілген басу күшіне мүмкіндік береді. Тегіс асты мен артқы диффузоры да ауа кедергісін азайтады және бағыттық тұрақтылықты жақсартады.
ТРАНСМИССИЯ

ТРАНСМИССИЯ

F-TYPE SVR моделінің капот астындағы 5,0 литрлі V8 қозғалтқышы — қуаттың көрінісі. Өзгертілген баптаулар арқасында оның беретін қуаты таңғалдырарлық 575 а.к. және 700 Н·м құрайды. Толық жетекті жүйе электронды түрде басқарылатын белсенді дифференциалмен жұмыс істейді, тарту күші мен бағыттық тұрақтылықты жақсартады және F-TYPE SVR әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.

F-TYPE SVR КАБРИОЛЕТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

575 а.к. ҚУАТЫ БАР 5,0 ЛИТРЛІ V8

575 а.к. ҚУАТЫ БАР 5,0 ЛИТРЛІ V8

Бұл 575 а.к. бар 5,0 литрлі V8 қозғалтқышы F-Type SVR-ді тарихтағы ең қуатты сериялы Jaguar автокөлігіне айналдырады. Ол небәрі 3,7 секундта 0-ден 100 км/сағ-қа дейін үдейді және максималды жылдамдықты 314 км/сағ дейін арттырады.
ЖАҚСАРТЫЛҒАН АЭРОДИНАМИКА

ЖАҚСАРТЫЛҒАН АЭРОДИНАМИКА

Көптеген аэродинамикалық жетілдірулер, соның ішінде өте дәл алдыңғы сплиттер және аса кең спойлер, F-TYPE SVR үлгісіне жоғары қысымды күш береді және ауа кедергісін төмендетеді. Нәтижесінде, F-TYPE SVR тұрақты жылдамдықпен үдеу және қозғалу кезінде ауаны ұстара тәрізді тіліп өтеді.
БІРЕГЕЙ ДӨҢГЕЛЕКТЕР

БІРЕГЕЙ ДӨҢГЕЛЕКТЕР

F-TYPE SVR тапсырыс бойынша жасалған 20 дюймдік Satin Grey әрлемесі бар жеңіл қорытпалы дөңгелектермен және қос шабақтармен жабдықталады. Оларға орнатылған Pirelli P ZERO™ шиналары, стандартты F-TYPE шиналарына қарағанда, 10 мм кеңірек болып келеді, бұл басқаруды және жолмен ілінісуді жақсартады.
ЭКСКЛЮЗИВТІ ИНТЕРЬЕР

ЭКСКЛЮЗИВТІ ИНТЕРЬЕР

F-TYPE SVR интерьері — бұл Special Vehicle Operations мамандарының ұсақ-түйекке назар аударатындығының айқын мысалы. Керемет контрастты тігістен бастап, абсолютті сән-салтанат сезімін тудыратын өте заманауи жабындарға дейін: салонның әрлемесінде тек эксклюзивті материалдар пайдаланылады.

БАРЛЫҚ F-TYPE МОДЕЛЬДЕРІНІҢ СТАНДАРТТЫ ЖАБДЫҚТАРЫ

PRO НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ

PRO НАВИГАЦИЯ ЖҮЙЕСІ

Навигация жүйесі, қадамдық дауыстық нұсқаулықтар мен қиылыстардан өтуге көмектесу функциясының арқасында бағдармен жүруді жеңілдетеді. Dead-reckoning функциясы GPS сигналын қабылдамайтын жерлерде де автокөліктің орналасқан жерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, қала орталығындағы жерасты тұрағында немесе туннельде.
Электр күшейткіші бар руль жүйесі (EPAS)

Электр күшейткіші бар руль жүйесі (EPAS)

EPAS жүйесі жылдам жауап беруге және теңдессіз бақылауға, сондай-ақ лезде күшейтуге кепілдік береді. Ол қажет болған жағдайда ғана іске қосылады, электр қуаты мен отынды үнемдейді. EPAS жүйесі көмекші күшейту дәрежесін реттеу үшін басқаруды компьютер арқылы жіті — жоғары жылдамдықта рульдің қажетті сезгіштігін қамтамасыз ету үшін оңтайлы және төмен жылдамдықта маневр жасау кезінде максималды етіп баптауға мүмкіндік береді.
TOUCH PRO

TOUCH PRO

Жаңа буынның Touch Pro жүйесі әрбір F-TYPE стандартты жабдықтарына кіреді және қосылыс пен ойын-сауық мүмкіндіктерін келесі деңгейге шығарады. Керемет сезгіштікке ие сенсорлы экран, интуитивті деңгейде түсінікті пайдаланушы интерфейсі және ажыратымдылығы жоғары графикасы әр сапарды әдеттегіден қарапайым әрі ұнамды етеді.
MERIDIAN АУДИОЖҮЙЕСІ

MERIDIAN АУДИОЖҮЙЕСІ

380 Вт-тық қуатты бар F-Type аудио жүйесі Meridian компаниясының британдық аудио сарапшыларымен бірлесіп жасалған және керемет дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Ол 10 динамикпен (соның ішінде 2 сабвуфермен), цифрлық сигналды өңдеу функциясымен (DSP), сондай-ақ Meridian Cabin Correction (MCC) салонының дыбыстық ландшафтын түзету технологиясымен жабдықталған.
АЙНАЛДЫРУ МОМЕНТІН ДӨҢГЕЛЕККЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ҮЛЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ

АЙНАЛДЫРУ МОМЕНТІН ДӨҢГЕЛЕККЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ҮЛЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ

F-TYPE айналдыру моментін дөңгелекке динамикалық үлестіру жүйесі тіпті ең тік бұрылыстардан өту кезінде жол төсемінен ілінісудің максималды деңгейіне кепілдік береді. Ол бұрылыс кезінде автокөлікке әсер ететін күштерді теңестіру үшін алдыңғы және артқы ішкі дөңгелектердің бақыланатын тәуелсіз тежеуін қамтамасыз етеді.

JAGUAR ТЕСТ-ДРАЙВЫНАН ӨТІҢІЗ

Jaguar ресми дилерінде тест-драйв кезінде динамиканы, сән-салтанатты және әсерлі эмоцияларды сезініңіз.