2016 жылы Jaguar «Формула Е» чемпионатына қосылған сәнді автокөліктердің алғашқы өндірушісі болды. Бүгін біз электрмобильдер қатысатын әлемдегі алғашқы халықаралық жарыстар сериясын өткізе отырып, тарихымызда жаңа тарау жазып жатырмыз. Jaguar I-PACE eTROPHY ФИА «Формула Е» чемпионатының негізгі қолдау сериясы ретінде әрекет ете отырып, біздің электрмобильдерге деген адалдығымызды нығайтады.

20 I-PACE АВТОКӨЛІГІ. 10 ЖАРЫС 1 ЖЕҢІМПАЗ.

Бірдей техникалық сипаттамаларға ие 20 Jaguar I-PHASE SV жарыс автокөлігі бір жарыста кездесіп, тек жүргізуші шеберлігі мен командалық тактика кімнің чемпион болатынын анықтайды. Әлемнің ең танымал қалаларында өтетін он жарысты қамтитын Jaguar I-PACE eTROPHY чемпионаты біздің «Инновациялар жарысының» келесі қызықты тарауы болады.

«ИННОВАЦИЯЛАР – АВТОСПОРТТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ, АЛ ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕР ЖАРЫСЫ — БОЛАШАҚТЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ, СОНДЫҚТАН БҰЛ МҮМКІНДІК ДӘЛ КЕРЕК КЕЗДЕ ПАЙДА БОЛДЫ.»

Бобби Рахал
Rahal Letterman Lanigan Racing командасының директоры

«БІЗ «ФОРМУЛА Е» ҚҰРЫЛҒАННАН БЕРІ СЕРІКТЕС БОЛДЫҚ ЖӘНЕ JAGUAR I-PACE eTROPHY ЧЕМПИОНАТЫНДА ЭЛЕКТРМОБИЛЬ СПОРТЫНА ҚАТЫСУЫМЫЗДЫ КЕҢЕЙТУГЕ ҚУАНЫШТЫМЫЗ.»

Паскаль Куаснон
Мишлен автоспорт директоры