КОМАНДАЛАР

JAGUAR BRAZIL RACING

JAGUAR BRAZIL RACING

Команда екі экипаждан тұрады және оны жаңартылатын энергетика саласындағы революциялық технологиялар мен жобаларға қаржы құятын, Сан-Паулуда орналасқан ZEG Environmental компаниясы, сондай-ақ Бразилиядағы ең ірі iCarros онлайн автокөлік сату порталы толығымен қаржыландырады.
RAHAL LETTERMAN LANIGAN RACING

RAHAL LETTERMAN LANIGAN RACING

Бұл екі экипаждың тең иелері — үш дүркін IndyCar чемпионы және 1986 жылғы «Индианаполистің 500 милясы» жеңімпазы Бобби Рахал, Late Show бұрынғы жүргізушісі – Дэвид Леттерман және Mi-Jack тең иесі Майк Ланиган. Бүгінгі таңда, олардың 42 жеңісі, серияның 3 чемпионаты және «Индианаполистің 500 милясы» жарысында жеңісі бар. Олар Jaguar I-PACE eTROPHY чемпионатына қатысуға қол қойған алғашқы команда болды.
SAUDI RACING

SAUDI RACING

Ханзада Әбділәзиз бин Турки әл-Фейсал әл-Сауд басқаратын екі экипаждан тұратын команда 2018 жылы Jaguar I-PACE eTROPHY чемпионатында Сауд Арабиясының дарын иелерін насихаттау үшін құрылды. Қазіргі уақытта Пол Спунердің қол астында жүр. Saudi Racing демеушілері – Сауд Арабиясының Бас спорт басқармасы, Сауд Арабиясының Автокөлік федерациясы және Mohamed Yousuf Naghi Motors Co. компаниясы.
TEAM ASIA NEW ZEALAND

TEAM ASIA NEW ZEALAND

Команданың негізгі демеушілері – Жаңа Зеландиялық Giltrap Group, Wearnes Automotive және Access Group Pvt Ltd, Шри-Ланка; Jaguar Land Rover автокөліктерінің тиісті елдердегі барлық ресми импорттаушылары мен дистрибьюторлары. Бұл демеушілер нөлдік шығарындылар деңгейіне ұмтылысын құптайды және автоспортқа деген құштарлықты арттырады.
TEAM CHINA

TEAM CHINA

Команда екі экипаждан тұрады. Біріншісіне Бейжіңде орналасқан, автономды жүргізу технологиясының танымал инвесторы және жасанды интеллект пен Интернеттің әлемдік көшбасшысы Baidu компаниясы демеушілік етеді. Екіншісіне Қытайдағы электрмобильдерді зарядтау платформасының ең ірі операторы Star Charge және Қытайдағы автокөліктерді сатып алуға арналған Autohome жетекші интернет-порталы демеушілік етеді.
VIESSMANN JAGUAR eTROPHY TEAM GERMANY

VIESSMANN JAGUAR eTROPHY TEAM GERMANY

Германиядан келген бұл жас жарыс командасының демеушісі – Viessmann. Серіктестер арасында Auto Motor und Sport, Telekom Sport және ProSieben де бар. Формула-1 жарысының бұрынғы шабандозы және Jaguar жүргізу шеберлігі академиясының жетекшісі Кристиан Даннер команданың спорттық директоры болып тағайындалды, ал тележүргізуші Андреа Кайзер жеке жаттықтырушы ретінде қызмет ететін болады.