I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ: ДИЗАЙН

I-PACE Concept басынан бастап біздің дизайнерлер үшін толық электржетекпен жұмыс істейтін керемет платформаға айналды.
I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ: ДИЗАЙН
«I-PACE — бұл жай ғана дерексіз концепт емес. Бұл 2018 жылы сатылымға шығатын алғашқы толық электрлік Jaguar кроссоверінің түпүлгісі. Ол аңызға айналған брендіміздің тарихында жаңа тарау ашады».
Jaguar бас дизайнері, Ян Каллум


I-PACE концепті біздің дизайнерлеріміздің алдында басынан бастап, тек электрмобильдерге арналған теңдессіз платформаның мүмкіндіктерін ашты. Дөңгелектер арасындағы үлкен тартқыш аккумулятор батареясы және әр осьтегі электр қозғалтқыштар SUV іргелі арақатынастарын өзгертуге мүмкіндік берді.

Біріншіден, алдыңғы жағында іштен жану қозғалтқышының болмауына байланысты капотты дәстүрлі автокөліктердегі сияқты ұзын етудің қажеті жоқ. Осының арқасында, жолаушылар бөлімін шанақтың алдыңғы жағына қарай жылжытуға болады, бұл оған мақсатты көрініс береді және салондағы бос орынды, соның ішінде артқы жолаушылардың аяқтары аймағын да (70 мм) кеңейтеді.

Бұл, өз кезегінде, ұзын бойына созылған панорама шыны шатырмен бірге барлық жолаушыларға кеңдік сезімін беретін алдыңғы әйнекті үлкейтуге мүмкіндік береді.

«Біз жолаушылар бөлімін автокөліктің алдыңғы жағына қарай жылжытуды шештік, бұл шатыр сызығының алдыңғы жағын анықтады, сонымен қатар кабинада кеңдік сезімін тудырды».
Д-р Вольфганг Зибарт, Jaguar Land Rover инженерлік департаментінің директоры

Сонымен қатар ең қысқа алдыңғы және артқы аспалар және үлкейтілген дөңгелек базасы — жүріс қорын 500 шақырымға дейін ұлғайтуға ықпал ететін аса ірі тартқыш аккумулятор батареясын орналастыру үшін — автокөлікке жоғары бағыт тұрақтылығын береді.

Jaguar I-PACE концепт-кары | From Race to Road дизайн философиясы
Сыртқы көріністегі көрнектілк сезіміне қарамастан, концепт I-PACE өз класы үшін керемет аэродинамикаға ие. 0,29 Cd аэродинамикалық кедергі коэффициентіне сүйір силуэт арқылы қол жеткізіледі. Жоғары жылдамдықта автокөлік ауаны біркелкі тіліп өту үшін жол төсеміне жақындайды; есіктерде жасырылған тұтқалар қажет болған жағдайда ғана пайда болады; белсенді ауа тартқыштар батареяны салқындату қажеттілігі болмаған кезде жабылады. Радиатор торынан алдыңғы әйнектің түбіне дейін аэродинамикалық оңтайландырылған ауа арнасы өтеді — Jaguar C-X75 концепт-карымен бірдей — ол арқылы ауа сыртқа шығарылады.

Бәлкім, бұл белгілі факт емес шығар, бірақ автокөліктің артқы жағының пішіні аэродинамика үшін алдыңғы жағы сияқты маңызды. Сондықтан, оның бірқатар ерекшеліктері бар: әсем артқы спойлер көтеру күшін азайтады; артқы әйнек өткір бұрышпен орнатылған (жүксалғыш көлемі 530 литр), ал артқы ауа өткізгіштер — іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктерде әдетте газ шығаратын құбырлардың ұштары орнатылатын жерде — турбулентті ауаны артқы дөңгелек аркаларынан алыстатады.

Бұл керемет эстетиканың I-PACE концептінің аэродинамикалық тиімділігін арттыруға қалай ықпал ететінінің бірнеше мысалдары ғана. Дәл осы тиімділік батареяның зарядын мүмкіндігінше үнемдеуге және жүріс қорын барынша арттыруға көмектеседі.

БАСҚА ДА ХИКАЯЛАР

I-PACE CONCEPT

I-PACE CONCEPT

Жарияланған күні: 12.01.2018

Біздің алғашқы толық электрлік кроссоверге көзқарас. Толық жетекті, 400 ат күші, 500 км-ден асатын жүріс қоры бар 5 орынды автокөлік.
JAGUAR ЖАРЫС АВТОКӨЛІКТЕРІ

JAGUAR ЖАРЫС АВТОКӨЛІКТЕРІ

Жарияланған күні: 12.01.2018

Формула Е жарысына қатысу – жарыс жолында нақты пайдалану жағдайында электрмобиль технологияларын сынауға және жетілдіруге тамаша мүмкіндік.
I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ: <br>  FROM RACE TO ROAD ФИЛОСОФИЯСЫ

I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ:
FROM RACE TO ROAD ФИЛОСОФИЯСЫ

Жарияланған күні: 12.01.2018

Формула Е жарысының I‑TYPE болидінен I-PACE концепт-карына дейінгі жол. Бірінші толық электрлік Jaguar жол автокөлігімен танысыңыз.