БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАҢАРТУ

ӘРДАЙЫМ БАЙЛАНЫСТА, ӘРДАЙЫМ ЖАҢАРТЫЛҒАН КҮЙДЕ

Жоғары технологиялық Jaguar жүйелері смартфоныңыз сияқты қашықтан жаңартылады. Бағдарламалық құралды «ауа арқылы» жаңарту технологиясының арқасында жүйелер әрдайым өзекті болып, сіздің автокөлігіңіз жолға шығуға дайын болады. Кірістірілген Jaguar деректер беру жүйесі арқылы бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын тегін жүктеп алуға болады. Бірден жаңарту міндетті емес — сіз жаңартуды алдағы екі аптаның ішіндегі өзіңізге қолайлы уақытқа жоспарлай аласыз.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЖАҢАРТУЫН ҚАЛАЙ ОРНАТУҒА БОЛАДЫ?

1-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫ ІСКЕ ҚОСУ

1-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫ ІСКЕ ҚОСУ

Жаңарту қолжетімді болған кезде сенсорлы экранға мынадай екі опциясы бар хабарлама шығады: «Қазір жаңарту» немесе «Жоспарлау». Қажет болса, жаңартуды жалғастыру үшін ережелер мен шарттарды қабылдаңыз.
2-ҚАДАМ — ОРНАТУ

2-ҚАДАМ — ОРНАТУ

Жаңартуды бастауға дайын болсаңыз, «Қазір жаңарту» түймесін басыңыз. Кейбір жаңартуларды орындау үшін қозғалтқышты өшіру, автокөлікті кілттеу және сигнал беру жүйесін қосу талап етілуі мүмкін. Бұл жағдайда сіз жаңартуды орнату барысында автокөлікті пайдалана алмайсыз. Сіздің Jaguar сізге осындай жаңартуларды орнату қажеттілігі туралы хабарлайды.
3-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫҢ УАҚЫТЫН БАПТАУ

3-ҚАДАМ — ЖАҢАРТУДЫҢ УАҚЫТЫН БАПТАУ

Егер жаңарту қозғалтқышты өшіруді талап етсе, сіз өзіңізге ыңғайлы жаңарту уақытын баптай аласыз. Жаңарту уақытын жақын арадағы екі аптаның ішіне жоспарлауға болады.
4-ҚАДАМ — АЯҚТАУ

4-ҚАДАМ — АЯҚТАУ

Жаңартуды аяқтағаннан кейін сенсорлы экранға орнатудың сәтті аяқталғаны туралы хабарлама шығады. Енді сіз Jaguar көлігіңіздің ең жаңа бағдарламалық құралын пайдалана аласыз.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ЖАҢАРТУЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТПЕ

Төменде келтірілген сілтемелерді қолдана отырып бағдарламалық құралдың әрбір жаңартуының мазмұнымен танысыңыз:

БӘРІН АШУ
OS 2.0.1
OS 2.0.2
OS 2.0.3
OS 2.0.4
OS 2.0.5
OS 2.0.6

ҮЗДІКСІЗ ЖАҢАРТУЛАР

Бағдарламалық құралдың көптеген жаңартулары үшін орнатуды бастау алдында растау талап етіледі. Бірақ кейде сіздің Jaguar жүйелердің қауіпсіздігін немесе техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін жүйелерді автоматты түрде жаңартады. Автоматты жаңартуларды қосу үшін ештеңе істеу қажет емес. Сіз сенсорлы экранда автоматты түрде жаңартулар туралы ешқандай хабарламаны көрмейсіз және автокөлікті әдеттегідей жүргізе бере аласыз.