I‑PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ: ҮЛКЕН ЖҮРІС ҚОРЫ

I-PACE Concept күрделі терморегуляция жүйелері одан да ұзақ жүріс қашықтығын қамтамасыз етуге қалай көмектесетінін біліңіз.
I‑PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ: ҮЛКЕН ЖҮРІС ҚОРЫ
Температураны бақылау кез келген автокөлік үшін, әсіресе I-PACE концептуалды және I-type Formula E жарыс болиді сияқты электрмобильдер үшін маңызды.

Тиімді термореттеу жарыс болидтерінің динамикасын арттыруға және энергия тұтынуды азайтуға ықпал етеді. I-PACE концепті сияқты жол автокөліктері жағдайында ол жүріс қорын 50 км-ге дейін арттыра алады.

I-PACE концептінде температураны үш бағытта бақылау қажет: батареялар, электр қозғалтқыштары және салон. Автокөліктің күрделі термореттеу жүйесі осы аймақтардың барлығын бөлек қыздырып, салқындатады және энергияны бірінен екіншісіне береді. Осылайша, егер электр қозғалтқыш жылу бөлсе, ол салонды немесе аккумуляторды немесе екеуін де жылыту үшін қолданылады. Осының арқасында батарея жылымен қамтамасыз ету үшін аз пайдаланылады, бұл жүріс қорын ұлғайту үшін көбірек жинақталған энергияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Jaguar I-PACE концепті| Термореттеу жүйесі
«Бұл өндірілген жылуды үш негізгі аймақ арасында таратуға мүмкіндік беретін өте күрделі жүйе».
Д-р Вольфганг Зибарт, Jaguar Land Rover инженерлік департаментінің директоры

Электрмобильдің өз энергиясынан басқа, I-PACE салонын жылыту үшін жылу сорғысы қолданылады, ол өз кезегінде сыртқы ауаны ішке айдап, жоғары температураға дейін қыздырады. Бұл кезде өте аз энергия жұмсалады. Қыздырылған ауа автокөліктің ішкі бөлігіне кіріп, кәдімгі электр жылытқышын пайдалану қажеттілігін азайтады және сәйкесінше аккумулятордың энергия шығынын төмендетеді.

Жылу сорғысының пайдасы маңызды. Сыртқы ауа температурасы 10-нан 15 °C-қа дейін болып тұрғанда, салонды жылыту үшін жылу сорғысын пайдалану I-PACE концептінің жүріс қорын 50 км-ге арттыруы мүмкін.

БАСҚА ДА ХИКАЯЛАР

I-PACE CONCEPT

I-PACE CONCEPT

Жарияланған күні: 12.01.2018

Біздің алғашқы толық электрлік кроссоверге көзқарас. Толық жетекті, 400 ат күші, 500 км-ден асатын жүріс қоры бар 5 орынды автокөлік.
JAGUAR ЖАРЫС АВТОКӨЛІКТЕРІ

JAGUAR ЖАРЫС АВТОКӨЛІКТЕРІ

Жарияланған күні: 12.01.2018

Формула Е жарысына қатысу – жарыс жолында нақты пайдалану жағдайында электрмобиль технологияларын сынауға және жетілдіруге тамаша мүмкіндік.
I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ: <br>  FROM RACE TO ROAD ФИЛОСОФИЯСЫ

I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ:
FROM RACE TO ROAD ФИЛОСОФИЯСЫ

Жарияланған күні: 12.01.2018

Формула Е жарысының I‑TYPE болидінен I-PACE концепт-карына дейінгі жол. Бірінші толық электрлік Jaguar жол автокөлігімен танысыңыз.