INCONTROL ТЕГІН ЖАҢАРТУЫ

INCONTROL ТЕГІН ЖАҢАРТУЫ

Жаңа функцияларды, БҚ-ны сымсыз жаңартуды және Smartphone Pack топтамасын қосыңыз.

InControl Touch Pro жүйесіне арналған соңғы жаңарту — бұл қосымша функциялар мен жаңа сенсорлы интерфейс. Ол автокөліктердің белгілі бір модельдері үшін қолжетімді және оған Smartphone Pack пакеті мен бағдарламалық құралды сымсыз байланыс арқылы жаңарту мүмкіндігі кіреді.

SMARTPHONE PACK

SMARTPHONE PACK

Smartphone Pack сіздің смартфоныңызға автокөліктің ойын-сауық жүйесінің сенсор экраны арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Smartphone Pack қызметіне:
- Apple CarPlay®
- Android Auto™
- Baidu CarLife™

Apple CarPlay ® және Android Auto ™ функцияларының көлемі олардың сіздің елде қолжетімді болуына байланысты, қараңыз. Apple CarPlay® және Android Auto™ толығырақ ақпарат алу үшін.
БҚ-ны СЫМСЫЗ ЖАҢАРТУ

БҚ-ны СЫМСЫЗ ЖАҢАРТУ

Соңғы жаңартуды орнату үшін ресми дилеріне хабарласыңыз. Кейін сіз өз автокөлігіңіздің жүйесін БҚ-ны сымсыз жаңарту жүйесі арқылы – дилерлік орталыққа келмей-ақ, Wi-Fi арқылы немесе SIM-картаның көмегімен өзіңіз оңтайландыра аласыз. Әрдайым барынша жайлылық пен өз Jaguar автокөлігіңізден рақат алуыңыз үшін бағдарламалық құралдың жаңартулары автокөлігіңіздің негізгі жүйелерінің жұмысын жетілдіріп отырады.

ЖАҢАРТУДЫ ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ

Бағдарламалық құралдың соңғы жаңартуларын өз автокөлігіңізге орнатуға болатынын-болмайтынын білу үшін ресми Jaguar дилеріне хабарласыңыз. Бұл модель жылына, ақпараттық ойын-сауық жүйесіне және сенсорлы экранның сипаттамаларына байланысты болады.

Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасы жаңа Jaguar автокөліктерінің стандартты жинақтамасы құрамына кіреді, сондай-ақ 2016-2018 жылы шығарылған кейбір модельдерде қолжетімді.
АВТОКӨЛІКТІҢ МОДЕЛЬДІК ЖЫЛЫ
АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІ
ПАЙДАЛАНУШЫ ИНТЕРФЕЙСІ

РЕСМИ ДИЛЕРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Бағдарламалық құралдың соңғы жаңартуларын өз автокөлігіңізге орнатуға болатынын-болмайтынын білу үшін ресми дилерге хабарласыңыз.